темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Футбол әлеміндегі соңғы жаңалықтар

Мадридтік «Реалдың» қазіргі таңдағы ең бағалы ойыншысы Криштиану  Роналду жақын арада командадан кетпейтінін айтты.Әсіресе, «Реалға» 170  миллион еуро ұсынып отырған «Манчестер Ситиге».Португалдық      футболшыны өзінің клубына  шақырған Шейх Мансұр Роналдуға аспандағы  айды болмаса да жердегі жақсылықтың барлығын сыйлауға дайын.Жылына    23,5 миллион еуро; капитандық дәреже; сүйікті «7-ші» нөмір; басқа да  жеңілдіктер… Бұл – болашақта Роналду ағылшындық клубқа ауысып жатса  араб шейхының дайындап қойған сыйы.Ал бүгінгі күні португалдық жұлдыз  тек бір ғана сөзді айтады: «Мадридтік жанкүйерлерге басқа клубтарға жақын арада ауыспаймын деп сөз беремін.Бұл өмірде бастысы ақша емес.Егер мен қаласам қазіргіден екі есе көп ақша таба аламын.Мен үшін қазіргі таңдағы басты нәрсе – мадридтік жанкүйерлердің маған деген көқарасы».

Бүгін Санкт-Петербургтік «Зениттің» португалдық легионері Мигель Данни командамен келісім-шартын тағы 4 жылға ұзартты. Лиссабондық «Спортинг» пен мәскеулік «Динамода» өнер көрсеткен 28 жасар футболшы «Зенит» сапындағы алғашқы ойынында-ақ гол соқты, анау-мынау емес, азуын айға білеген ағылшындық    « Манчестер Юнайтедке». Данни «Зенитпен» Ресей чемпионатын, Ресей Кубогін, Ресей Суперкубогін және Еуропа Суперкубогін ұтып алды.

Атақты Роберто Карлосты арнайы алдырған Ресейдің «Анжи» футбол  клубы тағы бір әлемдік деңгейдігі ойыншыға қол жеткізді.Махачкалалық  команданың жаңа ойыншысы – венгерлік Балош Джуджак.24 жасар  легионер Ресей біріншілігіне Голландияның «ПСВ» клубынан  келді.Джуджак жаңа командасына 4-ші шілдеде қосылады, ол уақытта  «Анжи» Австрияда дайындық кезеңін өткізеді деп жоспарланған.

«Барселонаның» бас бапкері Хосеп Гвардиоланың көзі түскен аргентиналық жас талант Серхио Агуэроның тағдыры жақын арада шешілуі мүмкін.Атақты Диего Марадонаның күйеу баласына құда түсуші тағы бір команда – «Ювентус».Туриндік клуб бұл шабуылшы үшін 45 миллион еуроны аямайтындарын айтқан.Италия баспасөзінің хабарлауынша, бүгін Серхио «Ювентустің» басшылығымен кездеседі.Екі жақ келісімге келіп жатса, Серхио Агуэроны ақ-қара жолақты жейдеде көруіміз ғажап емес.

Италиялық «Лационың» қақпашысы Фернандо Муслера жақын арада  түркиялық  «Галатасарайға»  ауысады.Келісім-шарт 5 жылға деп  жоспарланған, және  уругвайлық футболшыға жылына 2,5 миллион еуро  төленеді.Соңғы уақытта  атақты футболшыларды сатып алып жатқан  ресейлік «Анжидің» басшылығы     да Муслераны өз командасында көргілері  келген, бірақ қақпашы  «Галатасарайды»  таңдады.

Танымал деген футболшылардың барлығын бір жерге жинауды мақсат еткен мадридтік «Реал» жайлы тағы бір ақпарат.Әлемдегі үздік қорғаушылардың бірі Майкон галактикос құрамына қосылуы мүмкін.Ол үшін «Реалдың» басшылығы италиялық «Интерге» Каканы жалға беруге де дайын деп хабарлайды Италия баспасөзі.Каканы қайтып алуға «Милан» да қарсы емес, бразилиялық футболшы үшін таласқа олар да түспек.

Германия құрамасының қорғаушысы Жером Боатенг  мюнхендік «Бавариямен» жеке келісім-шартын реттеп қойды.Енді  оның қазіргі клубы «Манчестер Сити» мен «Бавария»  ортақ келісімге  келулері керек. «Мен «Бавариямен» төрт жылдық келісім шартқа  келістім.Енді соңғы сөзді «Манчестер Сити» айтады.Мен мюнхендік  командаға ауысқым келеді, себебі ол жерде өзіме жақын орталық  қорғаушы ретінде ойнай аламын,» — дейді Боатенг.22 жасар қорғаушының бұлай дейтін жөні бар, алдыңғы жылы ғана атақты  ағылшындық клубқа ауысқан Боатенг бар жоғы  он алты-ақ ойын өткізген.

Несіпбав Нұршапағат

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

2 комментария к записи “Футбол әлеміндегі соңғы жаңалықтар”

  1. Нұреке:

    Әрине дұрыс айтады


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.