темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Месси мен Роналду – кім мықты?


   Кіріспе

 Негізінен, жер бетінде біріне-бірі қайшы келетін заңдылықтар өте көп.Ақ пен қара, жер мен көк, от пен су, «Реал» мен «Барса» дегендей… Аттас зарядтарша кері тебісетін  қос серкенің текетіресі өз тамырын тереңге жайған.Ақсүйектерше үнемі ақ киінетін «Реал» мен көк,қызыл түстерді жақсы көретін «Барселона» арасындағы кездесулер тек пиренейлік журналистердің ғана емес,сондай-ақ  әлем тілшілерінің қызығушылығына іліккені қашан.Уақыт өте келе екеуін салыстырудан жалыққан қалам иелері жаңа ермек тауып алды.Қашан да қиыннан қиыстырып жүретін журналист қауымы жалпыдан жалқыға көшуді ұйғарды.Яғни екі команданың үздік ойыншылары – Криштиану Роналду мен Лионель Мессиді жиі таразыға тартатын болды.Тапқыр тілшілердің бұл бастамасы онсыз да ұрынарға қара таппай жүрген жанкүйер атаулыға үлкен сый болды.Сонау  «Сантьяго Бернабеу» мен «КампНоуға» бармай-ақ , өзіміздің қазақ жанкүйерлерін алып қарайық. Ұйқысынан оянбай жатып компьютер  пернетақтасына  жабысқан жанкүйерлер «Аламанды» нағыз алаңға айналдырып жіберді. «Рони» мен «Мессидің» жақтастары арасындағы «Аламандағы» айқас «түпнұсқа» Эль-Классикодан еш кем емес.Бірі португалдықтың артықшылығын айтып жатса, екіншісі аргентиналықты алдыңғы қатарға шығарады.Осылай жалғаса береді,жалғаса береді…

  Негізгі бөлім

« Жазғыштар мен айтқыштар» қауымы да қарапайым жанкүйерден қалсын ба. Олар да тек өздеріне ғана аян себептермен екі ойыншыны «бөліп » алған.Бұл мақаланы жазбас бұрын өздеріңізге жақсы таныс «спортшы» жігіттердің пікірін білген едім.Жазбаларын жазбай тануға болатын Руслан Меделбек Криштиану Роналдуды жақтаса, ирония мен сатираға көбірек сенетін Олжас Нұразхан сөзсіз Мессидің жанкүйері.Қазақ футболының  ауыр жүгін арқалаған «Аладоп.кз» сайтының  бас редакторы Ермұхамед Мәулен Роналдуды көбірек құрметтесе, танымал комментатор Рауан Оқастың сөздерінен Мессиге деген ыстық ықыласты байқауға болады.Бұл журналисттер футбол деген үлкен әлемнің басы-қасында жүргендіктен, өз түйгендері бар.Сондықтан айтылған пікірлерін толығымен дәлелдей алады.Қазақ жігіттері 2-2 есебімен тең түсті.Ендігі кезекті екінші Марадона болуы мүмкін Месси мен португалдық жұлдыз Роналдудың шеберлігін көзімен көру бақытына ие болған испан тілшілеріне берсек.

   Испаниядағы футболға арналған шоқтығы биік «Marca» газеті Роналду мен Мессиді салыстырған екен.Екеуін салыстырғанда  португалдықтың бойы ұзын,голды көп соғады-  сондықтан ол мықты; не болмаса Месси әлдеқайда жүйрік және жылдам — сондықтан ол күштірек деп жалпы тоқтала салмайды.Жұлдыз статусына ие болған екі футболшының алаңдағы әр қимылы былай тұрсын, әр бұлшық етінің қалай жұмыс істейтіндігіне дейін мән берді бұл басылым.Енді «Marca» газетінің деректеріне көз жүгіртсек:

—         Криштиану Роналду өзінің голдарының барлығына жуығын  оң аяғымен салса, Месси сол аяғының арқасында көбірек көзге түскен;

—         Өткен жылғы деректерге сүйенсек, португалдық қақпаға әлдеқайда көбірек соққы жұмсаған (Роналду – 245, Месси — 142);

—         Есесіне Месси өз мүмкіндіктерін барынша мол пайдаланады екен (Месси – 26 пайыз, Роналду – 14 пайыз);

—         Мессидің пастарынан әріптестері көбірек гол соққан (Месси – 17 пас, Роналду – 8 пас);

—         Екеуі де допқа таласудан тартынбайды (аргентиналық 52 рет қарсыласынан допты тартып ала алса, Роналду 48 мәрте);

   Аталған  деректерден бөлек екеуінің барлығы қанша гол соққандары, ол голдарды қалай салғандары, денесінің қай бөлігімен салғаны, гол соққанда не ойлағаны, қанша мәрте ескерту алғандары, алаңнан қанша рет қуылғандары,бәрі-бәрі бар.Оның барлығын тізіп жазудың қажеті жоқ.

  Испан тілшілері мен қазақ жігіттерінің пікірін білдім.Осыған ұқсас салыстыруларды  кез-келген ірі басылымдардан, көптеген сайттардан кездестіруге болады. Енді шамамның жеткенінше  таразының екі басын тең ұстауға тырысып өз ойымды қоса кетсем.Менің пікірім біреуге ұнар, Мессидің жанкүйерлеріне ұнай қоймас… Десек те айтылмаған сөз жетім.Биыл «Алтын доп» тағы да Мессиге табысталды.Дарынды аргентиналықты бұл жеңісімен құттықтаймын. Дегенмен, Роналдудың әдемі финттарының әсері ме, әлде басқа ма, португалдықтың ойыны көңілімнен көбірек шығады.

     Біріншіден, «Месси» «Барселона» жейдесінде айдай әлемге әйгілі болды. Ал Испан біріншілігінде каталондықтарға тең дәрежеде қарсыласа алатын бір ғана команда бар. Ал Роналду  азулы ағылшын премьер-лигасында жүріп-ақ танылды. Қаттылығы мен қатаңдығы жөнінен басқалардан оқ бойы алда тұрған тұманды Альбионда жетістікке жетудің Пиренейдегіден қарағанда әлдеқайда қиын екенін көзі қарақты жанкүйер жақсы түсінеді.

     Екіншіден, Роналдудың клубтың деңгейдегі ойыны мен ұлттық дәрежедегі ойынының арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ (клубтық деңгейде 435 ойын, 234 гол;ұлттық деңгейде 87 ойын,32 гол). Ал Месси Хави мен Иньестамен тізе қосып «Барсада» қалай жақсы ойнаса, ұлттық құрамада …( клубтың деңгейде 339 ойын,215 гол; ұлттық деңгейде 70 ойын,20 гол).

Үшіншіден,  футбол шығармашылық ойын болған соң онда еркін қимылдар да, әдемі финттар да, жалпы тартымдылық болу керек.Осы тұрғыдан алып қарағанда Криштиану Роналдудың ойын мәнерін анағұрлым әсерлі деп білемін.

Қорытынды

Ақ пен қара, жер мен көк сияқты «Реал» мен «Барса» да мәңгі  қарсыластар ретінде.Менің мақсатым жоғарыда аталған екі команданы салыстыру емес, атақтары жер жарған Месси мен Роналду жайлы өз пікірімді білдіру болатын.Кейбір оқырман салыстыру деп түсінуі мүмкін, ондай ойдан аулақпын.Футбол патшасы Пеленің өзі бұл екі талантты футболшыларды салыстырудан бас тартқан болатын.Олай болса, біз де солай істегеніміз жөн болар.

                                                                                                             Несіпбаев Нұршапағат

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

41 комментарий к записи “Месси мен Роналду – кім мықты?”

  1. Дегенмен Месси мықты

  2. арине месси мықты

  3. Абылай Шаймерденулы:

    месси жыртадыго

  4. Олжас:

    Нұршапағат мықты)

  5. Nurdaulet:

    Бәрінен РОНАЛДО мықты!!!!!!!!!!!!!

  6. Қарағандыдан:

    Месси мықты

  7. Месси мыкты

  8. Христо:

    Криштиану шыфн манисинде мыкты ойыншы болып тур. Мессидин откен ойында истеген артистиги енди кулакка кирмеитин ангиме.

  9. Месси красавчик!!!

  10. Аяла:

    Рональду алга!!!

  11. ManasAra:

    Рональду мыктыыыыыыыыыыыыыы

  12. Nurik:

    87 ойын,32 гол-70 ойын,20 гол,Мессиге 17 ойында 12 гол согу тукте емес…Месст мыкты,Испан газеттериндеде Мессидин мыктылыгы айкындалып тур…берилген мумкиндикти пайдалану,пас беру,допты тартып алу барлык жагынан Месси алда,Роналду тне финттеримен козге тусетте журет…Испан бириншилигинде онай командалар деу кате,оны МЮ-Атлетик Билбао ойыныы далелдейди

  13. Ronaldo mikti Messi de Real madrid birak Barsadan alde kaida mikti

  14. Роналдо мыкты 300 гол соккан ал Месси 235 ак гол соккан сосыын Месси Барсада жаксы ойнаганымен Аргентинада ойнай алмайды Барсада оган аузына тамакты Инесьта мен Хави салып берип жур Роналду болса Манчестерге 1 ози ак алып берди Мессидин касында Аргентинада ойнайтын игрок коп атап айтсак Тевез Ди мария Игуаин Верон Агуэро ал Роналдонын касында ким бар ойнайтын

  15. нани бар ,мейрелеш ,роланду ,алмейда пепе ,коентрау ,карвалю жомард футболдан ештенке билмейди екенсин .Португалиянын жулдыздарын билмегенин уят екен

  16. Казыбек:

    Не десекте Роналдо Пеледен кейiнгi ен мыкты футболшы

  17. Нуреке:

    Роналдо ен мыкты ойыншы Роналдоны алемнiн 70 пайызы колдаса калган 30 пайызы Мессидi колдаган… Роналдо алга!

  18. Баука:

    Роналдо бог месси лоххххххххххх

  19. азамат:

    Достар кайдагы Месси мен Рононльдоны айтканша озимиздин улттык курама жайлы неге соз козгамайсындар/Мысалы:Алибек Б айтуга болады т.б

  20. Олжас:

    Салыстырудан аулақ болайық дейсіз де мақаланыз салыстыруға тола ғой. Мен Мессидің де Роналдудың да персофанаты емеспін. Бірақ кейде осындай даулар еріксіз езу тарттырады. Сол салытырудан да көрініп тұр ғой кім мықты (Марканы айтамын). ал ұлттық денгейдегі айырмашылық шамалас болып тұр емес па. Мессидің ұлттық ойындары аз себебі жас қой. Жылауық Рони индивидуалист екенің жұрт жақсы біледі. Роналдо командалас таза шабуылшылардын нагыз соры. Әсіресе сонғы кездері. Бензема да Игуаин де «Жылауық» барда ашыла алмайды ешқашан. Ал Месси каталондық тұтас бір жүйенің (организм десек болады) мүшесі. Сонымен қатар жүйе сыр беріп жатса ойынды бірден өзіне алады. Сол кезде Құдайдан берілген шеберлігін паш етеді. Ал ұлттық құрама бапкерлері осындай дарын айналасында ойын құра алмай жатқанына Месси кінәлі емес, керісінше жоқтан бар жасап жүреді. Жайдан жай оған ұлттық капитандықты ешкім берген жоқ. Ұллтық құрамада жұлдызды ойыншылардың көп болуы Мессидің бағынан гөрі соры. Себебі олар көрпені сөзсіз өздеріне тартады.
    Криштианудың финттары… әсерлі бірақ пайдасыз. Әсерлігі жағынан да кезіндегі Рональдиньюдің финттарынан әлде қайда қалып қояды. Сосын әдемі финттар көргініз келсе мереклерде аландарда фристайлшылар одан да әсерлі қойып береді.
    Кришти қақпашымен бетпе бет келгенде егер ол қақпашы қарсы шаппаса не істерін білмей қалады. Өйткені «парашютты» әлсіз менгерген, сосын обводка жоқ. Ал Мессиге бұл мәселе емес, ол қақпашымен бетпе бет келгенде тіпті Касильяс сияықты керемет қақпашылардың шансы жоқ.
    Менің айтарым Криштиану жай футболшы емес әрине, бірақ Месси формасында болғанда ол ешқашан №1 бола алмайды. 4 Алтын доп бұның айқын дәлелі, не десеніздер де.

  21. Олжас:

    АПЛ Ла Лигадан мыкты дейтін сандыраққа сенетіндерге айтарым Кешегімен жүрсіздер әлі. Заман өзгерді, футбол өзгерді.
    АПЛ күш пен екінші қабаттағы ойынды дәріптейді, ал Ла Лига болса комбинациялық әрі техникаға негізделген ойынды дәріптейді. Кімдікі күшті? Бұған жауапты Испан құрамасы айқын берді деп ойлаймын. Ол аз десеніздер 2011 жылғы Уэмблидегі атақты финалды еске түсірініздер. Екі елдің чемпионы. Екі түрлі философия. Ағылшындардың әйгілі «күш» футболы небары 15 минутқа жетті. Сосын Сэр Алекстің өз сөзімен айтар болсақ «тики така немесе испан биі басталды». Ол да аз десеңіздер, құжаттай да дәлел бар екен. УЕФА ресми сайтында «коэфиценттер кестесі» деген бар. Онда мықты чемпионаттар рейтингісі көрсетіледі.Осы кесте қарап Еуропа кубоктарына әр елге жолдама беріледі. Міне сол кестеге қарасақ соңғы 4 жылда ең мықты лига бұл Испан лигасы. Ал Ағылшын премьер лигасы екінші болып тұр.

  22. Рахат:

    Менімше ең мықты футболисть Криштиано Ранальдо Ал Месси болса ең нашар ойыншы,өйткені ол алдынан келе жатқан адаммен алдаспай басқа бір қасында тұрған адамға пас беріп жібереді. Менде Мессиге жақ болғым келеді бірақ Месси бірде бір финт жасай алмайды ал Криштиано Роналду бірнеше финт істей біледі Мессидін несін ұнатқанын білмеймін бірақ мен білетінім Мессиді мен ең мықты футболисть деп айта алмаймын. Жәнеде Месси ді барлық кішкентай балалларда таныйды себебі Месси біреудін көмегімен гол салады ал разна раз варатарьмен шықса ұтылады деген сенімдемін.

  23. Рахат:

    Роналдо бог месси лоххххххххххх

  24. Рахат:

    Футболдан «Реал» командасы сырт алаңда «Барселонаны» ұтып, Испания кубогының финалына шықты.

    Алғашқы ойында Мадридте тең тарқасқан (1:1) қос ұжым бар мәселені Каталония астанасына қалдырған еді. Бұл ойында жұртты көбі «Барселона» жеңеді деп топшылады. Себебі, «Барселона» «Ноу Камп» төрінде жеңілуі екі талай еді. Тіпті «Барса» соңғы екі жылдың көлемінде өз алаыңда екі доп айырмашылығымен ұтылып көрмепті. Дәл осы дәстүрді «Реал» бұзды
    БАРСЕЛОНА – РЕАЛ – 1:3 (0:1)

    Гол: Криштиану Роналду, 13 – пенальти (0:1). Криштиану Роналду, 57 (0:2). Варан, 68 (0:3). Хорди Альба, 89 (1:3).

    «Барселона»: Пинто, Дани Алвес, Пике, Пуйоль, Хорди Альба, Хави (Тиагу, 73), Серхио Бускетс, Фабрегас (Вилья, 59), Педро (Тельо, 71), Месси, Иньеста.

    «Реал» (Мадрид): Диего Лопес, Арбелоа, Варан, Серхио Рамос, Фабиу Коэнтрау, Хедира, Хаби Алонсо (Эссьен, 84), Ди Мария, Езил (Пепе, 78), Криштиану Роналду, Игуаин (Хосе Кальехон, 71).

    Ескертулер: Пике, 13. Арбелоа, 38. Пуйоль, 41.

    Төреші: Ундиано Мальенко.

  25. ronaldo 1000пайыз месси 00000000000000 пайыз

  26. Олжас:

    Рахат, ең болмаса Месси Роналдудан кейін десен болмай ма. Ең нашар футболист жылда рекорд бұза ма? Отандасы Марадонаны айтпағанда, Платини, Лаудруп т.б. сияқты өткеннің аңызға айналған футболшылары оны ең үздік деп мойындай ма? және дауыс берудің нәтижесінде төрт Алтын допты қатарынан ала ма? Мессидің қақпашыны неше мәрте алдап өткенің көргін келсе Ютубқа Месси деп жазсан болды шыға келеді.

  27. Олжас:

    Мессидің әйгілі Мародонаның стилінде жарты алаңды бір өзі жүгіріп өтіп, жолай бүкіл қорғаушыларды алдап өтіп гол салғаның көрмеген адам көп нәрседен қалған екен

  28. Давит:

    Роналдо баринен мыкты барин жыртат

  29. Давит:

    Krishtiano Ronaldo мыкты бірак David Villa-дан пәс

  30. НУРАЛИ:

    месси мыкты

  31. асылхан:

    Месси Роналдудан да мықты емес пе.Месси алға

  32. асылхан:

    месси месси месси месси месси месси месси

  33. Мирас:

    Роналдо мыкты ол ЕВРО 2012де португаляны алып шыкты ал месси аргентинада ойын корсете алмайды Роналдо мыкты баринен.РЕАЛ МАДРИД АЛГА!!!

  34. асылхан:

    Мирас Роналдо мыкты болса ертен оны ЧМ 2014 те коремиз

  35. месси баринен мыкты

  36. Калтай Бакыт:

    Остан карандар Барселона фанаттары. Роналдо синоним турде Алтын Допты Влад.Роналду ен бек кор футболшы.Месси тек барседе лучи.Келеси жылы Бразилия отетын мундиалда.Мессидын клеветав комегi тимиди Айтканым аиткан

  37. Olzhas:

    Арине еки футболшыда мыкти салыстырудан аулакпын брак менин конилимнен шыгатын футболшы Роналду.ол оте мыкты,алемде тез жугиретин футболшы жане бас пен аяк пен сол аякпен типти кайшилап басымен,тебе алып гол салады ешкандай футболистерге уксамайды 1 ойыннын озинде озинин бомбардирлик талантын корсетип тастайт.Ал месси де оте мыкты ол кбинесе финт жасамай дриблинг пен алдап ойнайд.оган кобинесе хави мен инеста пас береди.

  38. Olzhas:

    Корде. турындар 2014 бразилияда отетин алем чемпианатында Месси озщ курамасы ушин коп комектесе алмайт деп ойлаймын уйткени оган пас беретин хави мен инеста.созсиз роналдинио кезинен пас берип келе жаткан хави мен инеста аблен пас берудин кыр сырын билип алган .Ал роналду ше ол португалия енбеккорлыгымен алга суйреп шыгады артне командаластары комектесед брак ол 5 адамнын жумысын аткарад.

  39. Ислам:

    Месси мыкты Месси 350 гол соккан раульдан да асып кеткен роналду пас бере алмайды месси осы жылы Хави мен Иньеста екеуинин пасын косканнада асып кетти жане Аргентина Евро 2012 де ойнамайды Ол Америка кубогында жане Алем чем да гана ойнайды!!

  40. аман:

    менин ойымша месси мыкты@@@@@@@@@@@@@@@


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.