Өзіл «өзімшіл» жігіт емес екен

Арсен Венгердің арқасынан бір ауыр жүк түскендей. Арсеналдың жартылай қорғаушысы Месут Өзіл лондондық клубпен келісім шартын ұзартты. «Daily Mail» таратқан ақпаратқа сәйкес, неміс құрамасының  ойыншысы 2021 жылға дейін «Эмирейтсте» доп тебеді және аптасына 340 мың еуро (теңгеге шаққанда шамамен 136 миллион) ақша табады. Өзіл ұзақ уақыт құжатқа қол қоюдан бас тартқан болатын. Бірақ, қысқы трансфер уақытында команда сапына Мхитарян және Обамеянг сынды шебер футболшылардың келуі оның көзқарасын өзгерткен сыңайлы.

@aibek_kossan

Феллайни «Тоттенхэм» — «Манчестер Юнайтед» ойынына не үшін кіріп шықты?

Лондонда өткен «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» командаларының текетіресінде алаңға 2 таймның 63 минутында шыққан Маруан Феллайни небәрі 7 минуттан кейін өзін алмастыруды сұрады. Теледидар алдында отырған көрермендер, тіпті «Матч тв» арнасының комментаторлары Моуриньоның тактикасы күрт өзгерді ме деп топшылады. Бірақ, «Уэмблиде» 2:0 есебімен ұтылған манчестерлік клубтың бас бапкері ойыннан кейінгі баспасөз жиынында мәселенің мән жайын түсіндірді. «Маруан ойын өрнегін өзгертемін деп шықты. Дегенмен, тізесі қайта сыр берді» — деді Жозе. Жартылай қорғаушы 7 қазаннан бері осымен үшінші рет жарақат алды. «ESPN» мамандарының жазғанына қарағанда бельгиялық ойыншы 2 айға дейін ем-дом қабылдайды.

Еске салайық, Феллайнидің клубпен келісім шарты осы жылдың 30 маусымында аяқталады. Денсаулығы сыр беріп жүрген футболшының ойынға толыққанды дайын болуы сиреп барады. Сондықтан, жаңа келісім болар-болмасы белгісіз. Ал Юнайтед  болса осы жеңілістен кейін «Манчестер Ситиден» 15 ұпайға қалып келеді.

@aibek_kossan

Ресей-2018 жайлы

Ұлттық құрама қай күні ойнайтыны белгілі болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы жарысын қыркүйектің 6-сы күні бастайды. Ай сайын 2 матчтан өткізеді. Егер өз тобында бірінші орын алса, «С» дивизионына көтеріледі, әрі Еуропа чемпионатына жолдама беретін плэй-офф матчтарына қатсады.

6 қыркүйек: Қазақстан — Грузия
10 қыркүйек: Андорра — Қазақстан
13 қазан: Латвия — Қазақстан
16 қазан: Қазақстан — Андорра
15 қараша: Қазақстан — Латвия
19 қараша: Грузия — Қазақстан

Қазақстанның қарсыластары анықталды

2020 жылы өтетін Ұлттар лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы «Д» девизионында өнер көрсетеді. Қарсыласымыз Грузия, Латвия, Қазақстан және Андорра. Матчтар 2018 жылдың қыркүйек айында басталады.

Жеребе тартылады. Бізге кім керек?

Ертең сағат 16-00 де Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. Төменде көрсетілген қоржындардан бір-бір командадан алынып, Қазақстанның қарсыластары анықталады. Яғни, біздің команда үшін ең осал топ деп өз басым мынаны айтар едім.

Белорусь, Люксембург, Қазақстан, Сан-Марино. 

Енді себебін түсіндіріп өтейін. Грузия, Әзірбайжан секілді мықты құрамалардың қасында Белорусь сәл де болса осалдау. Өткен соңғы іріктеуде қалай ірігендерін көрдік. Лихтенштейнге жеңіліп, фавориттерге қарсы матчтарда ірі есеппен ойсырай ұтылды. Крсножанның кезінде Латвияны ұтатынбыз, қазір олардың өзі де қарқынға қарқын қосқан. Сондықтан бұл тұста ең дұрысы Люксембург болар еді. Ал төртінші себеттен Сан-Мариноның түскені жақсы. Әйтпесе, Гибралтармен тең түсіп масқарампаз болып қалуымыз да ғажап емес.

Бірінші қоржын: Әзірбайжан, Македония, Беларусь, Грузия.

Екінші қоржын: Армения, Латвия, Фарер аралдары, Люксембург.

Үшінші қоржын: Қазақстан, Молдова, Лихтенштейн, Мальта.

Төртінші қоржын: Андорра, Косово, Сан-Марино, Гибралтар.

 

Еркебұланның голы. Видео

Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» командасының сапында негізгі құрамда алаңға шықты. Кипр аралында оқу-жаттығуда жүрген «Уфа» жергілікті «Алки» деген командамен кездесу өткізді. 10-нөмермен алаңға шыққан Еркебұлан матчтағы үшінші голдың авторы атанды.

Алексис ақшаның астында қалды

Алексис Санчес «Манчестер Юнайтед» командасында жүріп аптасына 350 мың еуро табыс табады. Ал жалпы чилилік футболшы жылына 23 миллион еуро жалақы алмақ. Бұл жайында кеше ғана ағылшындық ақпарат көздерінде жазылды. Келесі турдың ойынында Алексис Санчес 7-нөмерменен алаңға шығып қалуы әбден ықтимал. Ал оның орнына «Арсеналға» ауысқан Генрих Мхитарян Алексистен қалған 7-нөмерді алыпты.

Роналду мықты, Месси жаман

«Реал» Мадрид — «Депортиво» ойыны басталмас бұрын трибуна астында қызықты оқиға болды. Футболшылармен қол ұстасып шығатын бір бала «Роналду сен әлемдегі ең мықты футболшысың және Месси…»деп кібіртіктеп қалады. Сол кезде Роналду «Жаман» деген сөзді айтады. Бұл диалогты естіп тұрған «Реал» ойыншылары күлкіге қарық болды. Видеодан тамашалаңыздар.

Леонель Месси жайлы

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.