Еуропалық «Астана»!

%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0-%d1%84%d0%baФутбол клубтары арасындағы УЕФА-ның рейтингіне көз салыңызшы. 88 қатардан «Астананы» табасыз. Бұл межені қазақстандық клубтардың арасында бірінші болып бағындырған «Астана». Бір аттаса Мәскеудің «Динамосын», екі аттаса ағылшындардың «Эвертонын» қуып жететін әлеуеті бар. «Астана» Еурокубок ойындарында өз алаңында мүлдем ұтылмапты. 17 матчтың тоғызын ұтып, сегізімен тең түсіпті. Мадридтен «Атлетико» келіп гол соға алмай кетіпті, Лиссабоннан «Бенфика» келіп бір ұпай арқалап қайтыпты. Осыдан 5 жыл бұрын мұндай дүние ертегідей естілетін, бүгін міне шындыққа айналды. Толығырақ »

Эрнесте Вальверде: «Олимпиакос» жанкүйерлері мені жылы қабылдауы тиіс

«Барселона» командасының бас бапкері Эрнесте Вальверде Чемпиондар лигасының ойыны алдында сұқбат берді.

— «Олимпиакос» — «Барселона» ойыны қызықты өтетініне сенімдімін. Біз ішкі біріншілікте жеңіске жеттік. Басқа қарсыластарымыздың барлығында қиын ойындар болды. «Реал» «Жиронаға» жеңілді, «Атлетикода» ұпай жоғалтты. Сондықтан да, кез-келген матчқа дайын болуымыз керек. Мен бұрын «Олимпиакос» бапкері болдым. Сондықтан да, грекиялық жанкүйерлер мені жылы қабылдауы тиіс деп ойлаймын. Бұл командамен талай даңқты жеңістерге жеттім. Грекия кубогының финалдары, ішкі біріншіліктің қызықты ойындары мен Еурокубоктегі кездесулердің біразы есімде.

Айта кетейік қос команда ойыны бүгін түнде ойналады.

Каземиро «МЮге» ауыса ма?

El Diario Gol агенттігінің хабарлауынша «Манестер Юнайтед» клубы Каземироны сатып алмақшы екен. «Реал» командасының жартылай қорғаушысы «қызыл сойқандар» сапына ауысуға қарсы емес. Ал Жозе Моуриньоға дәл қазір ортада ойнайтын мықты ойыншы керек. Себебі, Погба мен Феллаини жарақаттан көз ашпай жүр. Ал Маруан болса келесі жылы жазда келісімі аяқталып, өзге командаға тегін ауыспақшы.

Шымкенттің таланты — Санжар

lmrb_wgmpfc2005 жылы дүние есігін ашқан Санжар Алқайдаров жайлы жылы пікірлер айтып жүрген жаттықтырушылар аз емес. Шымкент қаласының тумасы жасыл алаңда ерекшеленіп, талантымен бірден көзге түседі. 2015 жылы «Turkish Holiday — spring edition» жарысында «үздік жартылай қорғаушы» атағын жеіп алды. Ал үстіміздегі жылы Семей қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы атақты тағы да жеңді. Мынау Санжар жайлы түсірілген бейнероликтер жиынтығы.  Толығырақ »

Франция «пәтер» мәселесін шешті

Картинки по запросу франция футбол чм 18

«Францияның ұлттық құрамасы Ресейде өтетін әлем чемпионаты барысында қай жерді паналайтындарын шешті» — деп хабарлайды Le Figaro. Аталмыш басылым құраманың неге бұл базаға тоқтауын былай деп түсіндіреді: «Дешам шәкірттері Мәскеуге қарасты Истра қалашығының базасында мекендейді. Бұл базаға жасаған таңдаулары — мейманхананың тыныш, әрі Мәскеуге жақын жерде орналасуында, себебі Ресейдің астанасында басқа қалаларға қарағанда көп ойындар өткізіледі. Соны есепке алған ФФФ басшылары, аяқдопшыларының ешқайда алаңдамай, және өткен кездесулерден соң базаларына жылдам жетіп отырғанын жөн көреді».

Руслан Мералиев

Бұрын футболшы — қазір елбасы

Кезінде Либерия ұлттық құрамасы мен лондондық «Челси», париждік «ПСЖ», итальяндық «Милан» сынды топ-клубтардың намысын қорғап, жасындай жарқылдап, 1995 жылы «Алтын доптың» иегері атанып, ал қазіргі кезде саясатқа белінен батып кеткен  Джордж Веа, әлемнің ең кедей мемлекеттерінің бірі — Либерияның президенті болып сайланды. Толығырақ »

Платини: «Бәрін шешетін — ақша»

Картинки по запросу платини

УЕФА-ның бұрынғы президенті, италиялық «Ювентустың» намысын қорғап жүріп, 3 мәрте Алтын доптың иегері атанған әйгілі Мишель Платини қазіргі футболдың жағдайы жайында өз ойымен бөлісті: «Қазіргі кезде футбол бизнеске айналды. Бәрін шешетін — ақша. Футболшылар тауарға айналды. Және олар қымбатырақ сатылуға қарсы емес түгілі арланбайды да».

Руслан Мералиев

Салахтың қос голы Мысырға тарихи жеңіс сыйлады

Похожее изображение

2018 жылы өтетін ӘЧ-ның финалдық кезеңіне өткен алғашқы 15 құраманың ішіне Мысыр да енді. Олар шешуші матчта Конгодан 2:1 есебімен басым түсіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл кездесудің бас қаһарманы ретінде англиялық «Ливерпульдің» шабуылшысы Мохаммед Салахты атап өтсек, артық болмас. Себебі осы ойында ол дубльдің авторы атана қоймай, кездесу бойы басынан аяғына дейін елінің намысы үшін барын салды. Тіпті асқан белсенділігінің арқасында сары қағазбен де «марапатталды». Әйтсе де дегеніне жетіп, еліне тарихи жеңіс сыйлады. Әсіресе оның ойын соңында қосылған қосымша минуттарда 11-метрлік айып добын мүлтіксіз орындап, қақпашымен допты екі жаққа жіберіп соққан әдемі голы ел есінде ұзаққа қалатыны сөзсіз. Ал мысырлықтар ӘЧ-на 1990 жылдан бері араға 28 жыл салып қайта оралды.

Руслан Мералиев

Немістер жеңілуді білмейді

Похожее изображение

Йоахим Лев баптайтын Германия ұлттық құрамасы 2018 жылы өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің сырт алаңдағы соңғы кездесуінде Солтүстік Ирландияны  3:1 есебімен тізе бүктіріп, ӘЧ-ның финалдық кезеңіне жолдама алды. Осылайша «бундесманшафт» ӘЧ-на қатысу құқығымен қатар іріктеу ойындарында сырт алаңда жеңіліс тауып көрмеген команда ретінде қала бермек. Немістердің қонақта 46 кездесу бойы жеңіліссіз келе жатқан бұл сериясы сонау 1934 жылдың 11-ші наурызынан бастау алады.

Руслан Мералиев

Дания Әлем чемпионатына бір қадам жақындады

2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде, «Е» тобында Дания өз алаңында Румыниямен 1:1 есебімен тең ойнады.

«Тоттенхэм» клубының негізгі ойыншысы, АПЛ жұлдыздарының бірі Кристиан Эриксен Дания құрамасының лидері болды. Бірінші таймда толық шабуыл Эриксен арқылы жүріп жатты. Эриксен 59-минутта пенальтиден есепті ашып, Дания құрамасын алға шығарды. 63-минутта қонақтар он ойыншымен қалды. Румыния футболшылары соның өзінде 88-минутта Дяктың соққан голымен, таразы басын теңестіріп, ойын нүктесін қойды.

Дания құрамасы Әлем чемпионатына шығу үшін барын салып ойнады. 2010 жылы Әлем чемпионатына қатысса, 2014 жылы жолдамасыз қалған болатын. Дания құрамасы бұл ойыннан кейін керек нәтижеге қол жеткізді, яғни, қосымша кездесу өткізеді.

                                                                                      Төлепберген МӘЛІК

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.