ALADOP.KZ
Еурокубок Қалжыңқақпа

Абзал Бейсебеков: «Ертеңгі ойынға дайынбыз деп нық сеніммен айта аламын»

«Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясындағы даниялық «Мидтьюлландқа» қарсы  кездесу алдында елорда командасының қорғаушысы алдағы ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

– Біз олардың қандай деңгейдегі команда екенін жақсы білеміз. Сондықтан ертеңгі мачтқа тыңғылықты дайындалып, олардың қарым-қабілетін зерттеп көрдік. Оның үстіне Черногориядағы ойыннан кейін тынығып алуға мүмкіндігіміз болды. Жалпы ертеңгі ойынға дайынбыз деп нық сеніммен айта аламын.

– Ертеңгі ойынды Дания – Қазақстан ойынымен салыстыруға бола ма?

– Меніңше, екі ойынның деңгейі мен маңызы екі бөлек деп ойлаймын. Сондықтан өз басым бұл ойынды ешқандай матчпен салыстырғым келмейді. Барлықтарыңызды ертеңгі ойынға шақырып, командаға қолдау білдірулеріңізді сұраймын.

– Қарсылас команданың қай ойыншысына ерекше мән беру керек деп есептейсің?

– Олардың ойыншыларын жекелей зерттеп үлгермедік. Дегенмен, 33 нөмірде ойнайтын шабуылшысы өте жоғары деңгейде ойын көрсететін білеміз. Ертеңгі матч кезінде оны тұсап ұтсауға, қақпамызға соққы жасатпауға тырысамыз.

– Командаға жаңа келген ойыншылар командаға сіңісіп кетті ме?

– Әрине, олар енді «Астана» клубын ойыншылары. Біз бір команда және бір отбасымыз. Мақсатымыз да бір болған соң барлығымен жақын қарым-қатынастамыз және олармен тез тіл басып кеттік. Барлығы да ертеңгі командаға көмектесуге дайын.

fcastana.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*