ALADOP.KZ
Басты ақпарат Стадион Қазақстан премьер-лигасы

Адеринсола Эсеола: «Кезінде «Динамодан» бекер кетіппін»

Адеринсола Хабиб Эсеола Киевтің «Динамосы» сапынан кету туралы шешім қабылдап үлкен қателік жасадым деп есептейді. Бұл туралы ол sport24 сайтына берген сұхбатында хабарлады.

— Бірде «Динамо» сапында жүрген кезімде бапкерлер екінші құрам мен негізгі құрам ойыншыларының деңгейін сынап көреміз деп шешім қабылдады. Екінші құрамнан Бадр Эль-Каддури екеуміз жаттықтырушылардың көзіне түсе бастады. Жас кездегі қызуғандылықтан болар жоғары жетістікке жеткім келді. Бір жағынан Владимир Мунтянмен тіл табыса алмай жүрген кезім. Қазір ойлап қарасам, сол кезде асығыстық танытыппын. Аздап күтіп, қиындықтармен күресуім керек еді. Өйткені, мен кеткен соң Владимир Мунтян да өз жұмысынан кетті».

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*