ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Шолу Әлем футболы

Африка ұлттар лигасы финалдық кезеңінің жеребесі тартылды

Мысырда пирамидалар пейзажының аясында Африка ұлттар лигасының финалдық жеребесі тартылды. Айта кетейік, жарыс қожайындарына бұл жолы жеребе жолдас болды. Египет футболшылары Конго демократиялық республикасы, Уганда және Зимбабвемен бір топта ойнайды. Жеребе қорытындысы бойынша 24 құрама алты топқа бөлінді. Әр топтан екі үздік құрама келесі кезеңге өтеді. Өз тобында үшінші орын алған төрт құрама да жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.

Жеребе тарту рәсіміне атақты футболшылар мен жаттықтырушылар қатысты. Олардың арасында Кот Д-ивуар құрамасының бұрынғы ойыншысы Яя Туре де бар. Оның командасы Африка кубогындағы ең қиын топта өнер көрсетпек. Кот Д Ивуар құрамасына Марокко, Оңтүстік Афррика Республикасы және Намибия қарсылас атанды.

Биылдан бастап Африка кубогы қыста емес жаз айларында өткізлгелі жатыр. Осы орайда жеребе тарту рәсіміне қатысқан Яя Туре бұл туралы былай дейді:

«Құрлықтың басты футбол бәсекесінің жазда өтуіне мен де қолдау білдірдім. Бұл уақытта клубтар демалыста болады. Яғни, футболшылардың ұлттық құрамаға келуіне еш кедергі жоқ. Осылайша, ойыншылар тек өз құрамасының матчтарына ғана дайындала алады».

Топтық кезеңдегі ең тартысты ойындардың бірі Марокко мен Кот-Дивуар арасында өткелі отыр. Естеріңізге сала кетейік, Марокко құрамасын 2015 жылы Африка ұлттар лигасында жеңіске жетелеген Эрве Ренар жаттықтырады. Турнирде топ жарудан дәмелі құраманың бірі – Нигерия болса құрлық сайысына алғаш рет қатысатын Мадагаскар және Бурунди құрамаларымен ойнайды. Одан бөлек, бұл топта Гвинеяда бар. Кения құрамасы да араға 15 жыл салып, айтулы аламанға қайта қосылды. Ал тағы бір қатысушы мемлекет Танзания соңғы рет құрлық чемпионатына 1980 жылы қатысқан еді. Енді бұл екі құрама да плей-офф жолдамасын Сенегал және Алжирмен сарапқа салады.

Ал «Е» тобының мықтылары Тунис пен Мали. Бұл топта құрлық чемпионатына тұңғыш рет қатысатын Мавритания мен Ангола да бар. Камерун, Гана, Бенин және Гвинея-Биссау өзара келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*