ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Аяғы ұзын» төрешінің тәртібі қаралды

«Нант» — «ПСЖ» ойынында Диего Карлосты теуіп, артынан қызыл қағаз көрсеткен 45 жастағы төрешінің теріс әрекетіне байланысты 1 лиганың тәртіп комитеті шешім шығарды. «Sky Sports» телеарнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек,  Тони Шапрон 3 айға қызметінен босатылды. Оған қоса тағы 3 ай шартты түрде бақылауда болады. Көпшілік назарын аударған оқиға тіркелмес бұрын «жүйкесі жұқарған» маман осы маусымды аяқтап зейнетке кететінін айтқан еді. Жалпы, Францияның бірінші лигасында ол 400 ойынға төрешілік еткен.

@aibek_kossan

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*