ALADOP.KZ
Қазақстан

«Қайрат» бразилиялық футзалшымен келісімге келді

 

Алматылық «Қайрат» бразилиялық универсал Диего Алешандре Фаверомен келісімшартқа отырды.
Еңбек келісімі 1+1 жүйесі бойынша жасалды. Фаверо мансабын 2009 жылы «Малви» клубында бастап, Ленисио және Фалькао сынды футзалшылармен бірге Либертадорес кубогын жеңіп алған. 2016 жылы Диего испаниялық «Пальмаға» ауысты.
2017/18 жылғы маусымда Испания тұрақты чемпионатында «Пальма» 6-орын алды. Плэй-оффта Диего өз командасымен бірге «Эль-Посодан» ұтылып қалды.

Диего Алешандре Фаверо

Универсал
Жасы: 27
Бойы: 172 см
Салмағы: 72 кг
Клубтық мансабы
2017/18 «Пальма Футзал» (Испания) – 28 матч, 3 гол
2016/17 «Пальма Футзал» (Испания) – 31 матч, 7 гол
2016 «Гуарапуава» (Бразилия)
2015 «Гуарапуава» (Бразилия)

Prosports.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*