ALADOP.KZ
Басты ақпарат Премьер-лига Шолу Қазақстан премьер-лигасы

«Қайрат» — Эсеоланың арқасында жеңіске жетті

Бүгін ҚПЛ-ның 12 туры аясында Қарағандының «Шахтёрі» «Қайратты» қабылдады. 

«Шахтёр» — «Қайрат» 1:2.

Гол авторлары: Д. Шкодра, 29 мин, — А. Эсеола, 74 жəне 79 мин (дубль).

«Астана-Арена» стадионы. 1 000 жанкүйер.

Төреші ысқырығы шалынысымен бірінші тайм қызық өтті. Екі жақты шабуылмен басталған ашық ойында қауіпті сəттер көп болды. Сондай сəттердің бірінде 29 минутта Доньет Шкодраның қақырата тепкен добы қақпадан бір-ақ шықты. Шынын айту керек, соққы жойқын болды. Турдың үздік голы болуға лайықты. Араға 5 минут салып тағы сол Шкодра тура орта тұстан айып соққысын орындады. Алайда, бұл жолы сол жақ тоғызыққа ұшып бара жатқан допты Стас Покатилов бұрыштамаға қағып жіберді. Артынша есеп теңестіретін жақсы мүмкіндік «Қайрат» капитаны Бауыржан Исоамханда болды. Дегенмен оның жойқын соққысын Игорь Шацкий қайтарып үлгерді.

Ал екінші таймда ес жиған Алматының клубы бас-аяғы 6 минуттың ішінде қос гол салып, «Шахтёрді» тығырыққа тіреді. Адеринсола Эсеола дубль авторы атанды.

Осы жеңістен соң «Қайрат» 23 ұпаймен 5 сатыға көтерілді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*