ALADOP.KZ
Премьер-лига

«Қайрат» Санкт-Петербургте «Зенитпен» ойнайтын құрамын жариялады

Алматының «Қайрат» клубы ертең 9 қыркүйекте Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жергілікті «Зенит» клубымен жолдастық кездесу өткізеді.

«Қайраттың» ресми сайты осы ойынға қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Арасында Андрей Аршавин де бар. Кезінде «Зенитпен» Ресей чемпионы атанған әрі УЕФА Кубогын жеңіп алған.

Қақпашылар: Давид Лория, Стас Покатилов;
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Қорғаушылар:
 Елдос Ахметов, Станислав Лунин, Нұрәлі Әліп, Сергей Кейлер, Дарын Сүйінов, Иван Сизов;
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Жартылай қорғашылар: Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Хуан Фелипе, Максим Котов, Ұлықбек Хайтмуратов, Иво Иличевич, Магомед Парагульгов, Рашид Люхай;
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Шабуылшылар:
 Адеринсола Эсеола, Самат Сәрсенов.

Айта кетейік, ойын 9 қыркүйек Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Айтпақшы, «Қайрат» сапында осы ойында алғаш рет қақпашы Давид Лория алаңға шығуы мүмкін. Сондай-ақ жарақатынан енді айыққан Елдос Ахметов те бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*