ALADOP.KZ
Әлем футболы

Аллегри: «Ювентус — Чемпиондар лигасын жеңуге міндетті!»

Туриндік «Ювентустың» бас бапкері Массимилиано Аллегри алдағы 2-3 жылдың ішінде «кәрі синьораның» кәрі құрлықтың басты додасында жеңіске жететініне сенімді екенін мәлімдеді.

«Қазіргі таңда құрама жақсы жұмыс жасауда. Оның үстіне біз тарихқа баймыз. Соңғы жеті жылдың ішінде  жеті мәрте біріншілігімізді бірінші орынмен аяқтадық және екі рет чемпиондар лигасының ақтық мәресінде өнер көрсеттік. Егер биіктікті бағындырғымыз келсе бізге чемпиондар лигасында топ жару керек. Қазіргі уақытта бізге лайықты қарсылық көрсете алатын жалғыз команда ол — «Барселона», онымен біз міндетті түрде финалға барар жолда жолығамыз. Біз оған дайын болу керекпіз. Еурокубоктік додаға жарақаттарсыз, жақсы формада және азғантай болса да сәттілікпен келуіміз шарт.» — делінеді Football Italia басылымына берген сұқбатында.

Руслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*