ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Трансфер Трибуна

Антуан Гризманн «Атлетикодан» кетеді

Бүгін «Атлетико Мадрид» клубының ресми сайты франциялық шабуылшы Антуан Гризманның команда сапынан кететінін туралы хабарлады.

28 жастағы футболшы кеше бас бапкер Диего Симеоне мен клубтың атқарушы директоры Мигель Анхель Хиль Мариномен кездесіп, өзге клубқа ауысатынын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы кездері Антуанның «Барселона» сапына ауысатыны жайында қызу әңгіме өріп жүр. Алайда, өткен жылы Каталон клубы Антуанмен келісімге келе алмай, трансфер жүрезе аспай қалған еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*