ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Сараптама Әлем футболы

АПЛ клубтарының теле көрсетілімнен тапқан табыстары таң қалдырарлық

«Балапандарды күзде санайды» деген тəмсіл бар. Дегемен…

Жуырда ғана ағылшынның «Daily mail» басылымы биыл премьер-лига клубтарының тек ТВ көрсетілімнің өзінен қанша пайда табатынын жариялады. Бірден айта кетейік, бұл таза регламентпен жуықтап алынған сардар. Ал анық-қанығы біз сөз басында айтқан күзде белгілі болады. Бірақ ол көрсеткіштердің мына нəтижеден төмен болмасы анық. Табыстар Англия номиналы фунтпен өлшенген, ал жақшаның ішінде еуроға шаққандағы бағамын көрсеттік. Ендеше бірге көз жүгіртейік:

1. «Ливерпуль» — 152.4 млн фунт (172.7).
2. «Манчестер Сити» — 151 млн фунт (172).
3. «Челси» — 146 млн фунт (165.5).
4. «Тоттенхэм» — 145.2 млн фунт (164. 6).
5. «МЮ» — 142.5 млн фунт (161.5).
6. «Арсенал» — 142.2 млн фунт (161.2).
7. «Эвертон» — 128.6 млн фунт (145. 8).
8. «Вулверхэмптон» — 127.2 млн фунт (144.2)
9. «Лестер» — 123.3 млн (139.8).
10. «Вест Хэм» — 122.5 млн (138.9).
11. «Ньюкасл» — 120.1 млн фунт (136.1).      12. «Кристал Пэлас» — 114.2 млн фунт (129.5).
13. «Уотфорд» — 113.9 млн фунт (129).
14. «Борнмут» — 108.1 млн фунт (122.5).
15. «Бёрнли» — 107.3 млн фунт (121).
16. «Брайтон» — 105.7 млн фунт
17. «Саутгемптон» — 104.3 млн фунт
18. «Кардифф» — 102.7 млн фунт
19. «Фулхэм» — 101.9 млн фунт
20. «Хаддерсфилд» — 96.6 млн фунт.

Міне, жай телевизияның өзінен осынша бас айналдырарлық табыс тапқан. Ал біз өз біріншіліктегі матчтарымызды телеарналардан көрсете алмай отырмыз. Менеджменттегі, ұйымдасыру жүйесіндегі айырмашылықты өзіңізде байқаған боларсыз?!

Қаржы қалай үлестіріледі?

Енді ТВ регламенттің құрылымына келсек, барлық клуб ойындарды көрсеткені үшін 12.3 млн-нан бастапқы жарна ретінде алады. Сосын, кейінгі көрсетілім командалардың ойындарына деген сұранысқа байланысты. Əр тікелей эфирге деген ұсыныс үшін 1.2 млн фунттан беріледі. Мысалы, биыл «Ливерпульдің» ойындары ең көп сұранысқа ие болған. Жалпы 29 ойынның арқасында Юрген Клопп шəкірттері 33.5 млн алады. Екінші сатыда 27 матчпен «МЮ», үшінші болып 26 ойынмен «Ман Сити» тұр. Жоғарыдағы кестеде «Ливерпульдің» «Ситиден» жоғары тұруы осы себепті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*