ALADOP.KZ
Басты ақпарат Еурокубок

Қарсылас жайлы азды-кем

Алдымен бүгінгі қарсыласымыз жайлы азды-кем мәлімет бере кетсек. Чехияның Яблонец-над-Нисоу қаласының командасы 1945 жылы құрылған. Стадионы — «Стршельнице» 6 мың адамға арналған. «Яблонец» осы кезге дейін әртүрлі атаулармен танымал болған. Қазіргі атауын 2015-жылы алды. Ал 2014 жылғы маусымда бұл команда өзінің тарихында болмаған жетістікке қол жеткізді. Команда Чехия чемпионатының қола жүлдегері атанып, кубоктың финалында өнер көрсетті.  Дәл осында мәртебеге оларды бас бапкер Ярослав Шилгавы жеткізді. Иә, Шилгавы біздің «Астана» командасының жанкүйерлеріне жақсы таныс. Себебі, екі маусым бұрын «Астана» Ярослав баптайтын «Славия» Прага командасын жеңіп Еуропа лигасының плэй-офф сатысына өткен еді.

«Яблонец» «Астанамен» салыстырғанда еурокубокте тәжірибиесіз. Себебі, 1997 жылы және 1998 жылы ғана екі рет УЕФА кубогына қатысқан. Ал біздің «Астана» жыл сайын Еурокубокте ойнағанымен қоймай, топтық кезеңнің тұрақты өкілі. Ол аз десеңіз, соңғы кездері біздің чемпион көктемде болатын мықтылардың плэй-оффына да қатыса бастады. Сондықтан да, тәжірибие тұрғысында қазақстандық клубтың басымдылығы бар. Дегенмен, «Яблонец» еурокубок матчтарына қатты маңыздылықпен қарап, әрбір ойында өздерін жақсы жағынан көрсеткісі келеді.

Биылғы біріншілікте «Яблонец» бесінші орында келеді. Бүкіл Чехия чемпионатында қазір пас беріп, ассистенттік жасаудан «Яблонец» ойыншысы Михал Травник озып тұр. Оның 8 пасы голға айналған. Одан бөлек команданың негізгі қақпашысы Властимил Грубый Чехия біріншілігінде 18 сейф жасап көзге түскен. Ал қорғаныстағы Томаш Хюбшманды білмейтін фанат аз. Чехия құрамасымен талай ірі додаларды жарқырай өнер көрсетті. Ал шабуыл өтінде Черногория құрамасының шабуылшысы Владимир Йовович бар. Танымал бапкер Властимил Петржеланың айтуынша «Яблонец» Чехиядағы ойыны ең әдемі команда екен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*