ALADOP.KZ
Қазақстан

«Астанаға» бразилиялық футболшы ауысуы мүмкін

Грекиялық ПАОК клубының ойыншысы Педро Энрике жуық арада елордалық командаға ауысуы мүмкін. Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, 28 жастағы жартылай қорғаушы «Астанамен» келіссөз жүргізіп жатыр. Бразилиялық футболшы Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында ойнап, біраз тәжірибе жинақтаған.

Айта кетейік, Педро Энрике грекиялық ПАОК командасына тиесілі. Өткен маусымды әзірбайжандық «Карабах» клубында жалда өткізген. Әзірбайжандық команда сапында 19 ойынға қатысып, 3 гол соққан. Бразилиялық футболшының мансабында бұлардан бөлек швейцариялық «Цюрих» және франциялық «Рен» секілді командалар болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*