ALADOP.KZ
Еурокубок Қазақстан

«Астана» бірінші таймнан кейін «Сутьесканы» жеңіп жатыр

«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасы 2018-2019 маусымының алғашқы матчының бірінші таймында 1:0 есебімен жеңіп жатыр.

Ойынның 29 минутында Роман Мұртазаев пенальтиден есеп ашты. 11 метрлік айып добының орын алуына айып алаңына кіре беріс жерінен Деспотовичке қарсы қарсыластар қорғаушысының ереже бұзуы алып келді.

Жанкүйерлер назарына бірінші таймды өткізген командалар құрамын ұсынамыз:

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Мужиков, Деспотович, Томасов, Маевский, Постников, Мұртазаев, Шомко.

«Сутьеска»: Гильен, Недич, Цеткович, Лончар, Булатович, Мердович, Стефанович, Ми. Вучич, Ма. Вучич, Ш. Кордич, Цицмил.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*