ALADOP.KZ
Еурокубок Қазақстан

«Астана» Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында жеңіске жетті

 

«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасы 2018-2019 маусымының алғашқы матчында черногориялық «Сутьесканы» 1:0 есебімен жеңді.

Ойынның 29 минутында Роман Мұртазаев пенальтиден есеп ашты. 11 метрлік айып добының орын алуына айып алаңына кіре берісінен Деспотовичке қарсы қарсылас қорғаушысының ереже бұзуы алып келді. Екінші таймда елордалықтар толассыз шабуылдар жасағанымен, табысты шабуылдарын өткізе алмады.

 

Ойын статистикасы:

Сары қағаз: 1-3

Бұрыштамалар: 6-2

Дәл соққылар: 9-1

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*