ALADOP.KZ
Үздіктер

АСТАНА» ФК-НІҢ ЕУРОПА КЛУБТАРЫНА АУЫСУЫ МҮМКІН ТОП-5 ОЙЫНШЫЛАРЫ

Осы маусымда елордалық «Астана» ФК ауыз толтырарлық жетістіктерге жетті.Ел чемпиондары маусым басында суперкубокты қанжығаларына байласа,күз басында қазақ клубтарының арманына айналған Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты және жақында ғана екінші мәрте ел чемпионатында топ жарды.Міне,осы орайда «Аладоп» сіздердің назарларыңызға «Астананың» Еуропа жасыл алаңдарынан көріп қалуымыз мүмкін ТОП-5 ойыншысын ұсынады.

5.БАУЫРЖАН ЖОЛШИЕВ


Бұл ойыншы ел біріншілігінде де, ЧЛ-да да негізгі құрамда шығып жүр.»Астананың» топтық кезеңге шығуына өз септігін тигізді.Жоғарғы жылдамдықты,сұңғақ бойлы Жолшиевті басқа біріншіліктен көріп қалуымыз ғажап емес.Бірақ Бауыржанның ара-тұра қасақана тәртіпсіздік жасайтын қызуқанды мінезі бар.Әрине,бұл орынға Патрик Твумасиді де қойсақ болар еді,бірақ ганалықтың жасын және Бауыржанның тәжірибесін ескеретін болсақ,бұл орынға Жолшиев әбден лайықты.

4.РОХЕР КАНЬЯС


Колумбиялықтың еурододаның топтық кезеңіне қатысып отырғаны биыл емес.Осыдан 2 жыл бұрын «Шахтёр» сапында Еуропа лигасының топтық кезеңінде Каньястің өнер көрсеткенін жанкүйерлер «беске» біледі.Бойымен қатар аяғы да ұзын,соққысы да «зілмендей» Каньяс биылғы маусымда ел біріншілігінде 8 доп,ЧЛ да 2 доп соқты.Оған қоса,аяғының ұзындығының арқасында кез-келген қарсыластан допты тартып ала біледі.Рохердің осы еңбегін бағалай отырып,Еуропада доп тебуге оны әбен лайықты деп білдік.

3.ДМИТРИЙ ШОМКО


Қапталдағы қорғаушының қызметіндегі Дима клубта ғана емес,Ұлттық құрамда да жетекші рөл атқарады.Қорғаныста ғана емес,шабуылда да табандылығымен танылған Шомконың «тау қопарар» жойқын соққысы тағы бар.Содан болар,соңғы кездері жұрт оны «Қазақстандық Роберто Карлос» деп атап кеткен жайы бар.Сыбыстар бойынша үйдегі «Атлетикомен» болған ойында оның өнерін Ресейлік 3 клубтың өкілдері тамашалапты.Сондықтан да,Шомконың қысқы трансферде клуб ауыстыруы әбден мүмкін.

2.ГЕОРГИЙ ЖУКОВ


Қазақстанда туылған,Бельгияда қанаты қатайған,ұлты орыс Георгий былтыр Қазақстан азаматтығын алған болатын.Жастар құрамасында 1 және Ұлттық құрама сапында 2 жолдастық кездесуге қатысқан Жуков жақын арада өзінің Қазақстан үшін ойнағысы келмейтіндігін және Бельгия және Ресей ұлттық құрамасы сапынан шақырту күтетіндігін ашып айтты.Оның бұл ойының жүзеге асуы мүмкін.Себебі,жақын арада «ЦСКА» ФК өкілдері Жуковқа қызығушылық танытуда деген сыбыстар шықты.Әрине,бұл Жуков үшін жақсы мүмкіндік,өйткені «ЦСКА»да жүрсе,Ресей құрамасының бапкері Л.Слуцкийдің көзіне түсуге зор мүмкіндік туады.

1.НЕМАНЬЯ МАКСИМОВИЧ


Міне,көптен күткен 1-ші орынға да келіп жеттік.Бұл орынға біз талантты жас серб жартылайқорғаушысы Неманья Максимовичті қоюды дұрыс деп таптық.Сербия жастар құрамасы капитаны көбіне баспен гол салғанды ұнатады.Жаз мезгілінде Жаңа Зеландияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Сербия жастар құрамасы сапында чемпион атанған Неманьяның құны 500 мың еуродан 2 млн еуроға бірден көтерілді.Жазғы трансфер кезінде-ақ оған «Гамбург»,»Базель» клубтары қызығушылық танытқан.Сол себепті де Неманьяны шетелдік белді клубтар қатарынан көруіміз мүмкін.

Біз сіздерге «Астана» клубының жетістіктерін ескере отырып,өзге чемпионатқа кетуі мүмкін 5 ойыншының тізімін жасадық.Ал бұл футболшылардың кетуі немесе қалуы уақыт еншісінде.

 

Дайындаған: Бақдәулет Анарбаев

 

1 пікір

Алмат 12-Қараша, 2015 at 4:15

Шынайы шет ел асуы мүмкін ойыншы тек Максимович қана!
Жолшиев кететін болса, бұрынырақ кетуі керек еді, оның уақыты өтіп бара жатыр, деңгейі Ел біріншілігі мен еурокубоктердің іріктеу кезеңі, топтық кезеңде жарытқан ештеңе көрсетпеді.
Каньяс біздің біріншілік сияқты ғана жайбасар жарысты ғана жарытатыны анық болып қалғандай! Кететін уақыты Шахтер сапында болған еді. Тіпті бір «почкасы» жоқ дегенде сыбыс бар, сол да себеп шығар?
Шомконы Р. Карлосқа теңеуіміз жақсы-ақ! Шомкоға дриблинг пен креатив жетіспейді, соққысы мығым, бірақ-та қаптал зуылдайтын жылдамдық пен шеберлік жетіспейді, осы күнге дейін осы екі қасиетті шыңдамаған ойыншы алысқа кетуі екі талай.
Жуков жасөспірім-шебер ойыншы ретінде қалып қойған. Ойынында өсу жоқ, артқы жартылай қорғаушы болып алаңдағы орынын өзгертіп, біраз сол орынға тән қасиеттерін шыңдаса мүмкін «толк» шығып қалар! Әйтпесе, Бельгия мен Ресей құрамасы түгілі Қазақстан сапында ресми ойынға қатысу арман болып қала береді.
Максимович биылғы жылды Қазақстан біріншілігіндегі соңғы маусымы етпесе, тұрақты ҚПЛ-дың клиенті болып қалуы әбден мүмкін.

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*