ALADOP.KZ
Премьер-лига Қазақстан

«Астана» клубының фан қозғалысы Әсет Исекешевке хат жазды

«Астана» клубының «12-ойыншы» атты фан қозғалысы Президент әкімшілігінің жаңа басшысы Әсет Исекешевке хат жазыпты.

Ол хатта жанкүйерлер клуб президенті Саят Хамитжановты қызметінде қалдыру туралы өтінш ретінде жазылған.

«Біз Астана қаласының қарапайым тұрғындарымыз. Бос уақытымыздың барлығын сүйікті клубымызды қолдауға арнаймыз. 2016 жылдың 28 наурызында «12-ойыншы» атты фан қозғалысын құрдық. «Астана» клубымен бірлесе отырып, жанкүйерлер сырт алаңдағы ойындарға да барып жүр. Еліміздің өзге қалаларында және еурокубок кезінде шет мемлекеттерге де барып қолдауымызды көрсетіп жүрміз. «Астананың» соңғы жылдардағы жетістігі клуб президентімен тікелей байланысты. Жақында отандық ақпарат құралдарының бірінде Саян Хамитжановтың сұхбаты шықты. Онда клуб президенті маусым аяқталған соң, қызметінен кететіні аяқталған. Құрметті Әсет Өрентайұлы, осы іске өзіңіз араласып, Хамитжанов мырзамен сөйлесіп, орында қалдыруға ықпал етсеңіз», — делінген хатта.

Айта кетейік, бұған дейін «Астана» клубының президенті Саян Хамитжанов Қазақстан премьер-лигасының 2018 жылғы маусымы аяқталған соң, қызметінен кететінін мәлімдеген еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*