ALADOP.KZ
Қазақстан

«Астана» — «Сутьеска» (Черногория) арасындағы Чемпиондар Лигасы кездесуінің билеттері сатылымда

«Астана» УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Сутьескаға» (Черногория) қарсы өз алаңында өткізетін ойынға билеттер құнын бекітті. Барлық билеттер 3 санатқа бөлінген: 500 теңге, 1000 теңге және 1500 теңге. Орындықтар санаты бөлінген стадион құрылымы төменде.
УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Астана» — «Сутьеска» (Черногория) арасындағы матч 11 шілде күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталу уақыты: 20.00
Билеттер ticketon.kz сайтында онлайн сатылымда. «Астана – Арена» стадионы кассаларының жұмыс режимі:

4 шілде – 18.00 мен 22.00 аралығы
5 шілді – 18.00 мен 22.00 аралығы
6 шілде – 18.00 мен 22.00 аралығы
7-10 шілде аралығы – 12.00 мен 20.00 аралығы
11 шілде – 12.00 мен 21.00-ге дейін

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*