ALADOP.KZ
Басты ақпарат Қазақстан

«Астана» топтан шықпаса жұмыстан кетемін

«Астана» футбол клубының президенті Саян Хамитжанов дәл осылай мәлімдеме жасады. «Еуропа лигасының көктемгі плэй-офф сатысына шықпасақ онда жұмыстан кетемін. Ал егер өтіп кетсек, онда клуб сол жарыстан шығып қалғанша президент қызметін атқара беремін» деді Саян Жақсыгелдіұлы.

Осының алдында ғана клуб басшысы «бір жерде 5 жыл жұмыс істей беру дұрыс емес» деп айтып қалған еді.

Айта кетуіміз керек, 29-қараша күні «Астана» өз алаңында «Динамо» Киевті қабылдайды. Сол ойында елордалықтардың жарыстағы тағдыры шешіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*