ALADOP.KZ
Қазақстан

Қазақстан әйелдер құрамасының Ресей және Англияға қарсы ойнайтын құрамы

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы екі ойынға қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.

Тізімге 22 футболшы енді:

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Бибігүл Нұрышева («Оқжетпес»), Юлия Мясникова, Екатерина Бабшук, Мария Демидова (барлығы — «БИІК-Қазығұрт»), Александра Бурова (ДЮСШ №7-БИІК»), Құндыз Қожахмет, Әсем Жақсымбай (екеуі де — ОСДЮСШ №2);

Жартылай қорғаушылар: Әселхан Тұрлыбекова, Адиля Вылданова, Светлана Бортникова, Карина Жұмабайқызы, Камила Құлмағамбетова (барлығы — «БИІК-Қазығурт»), Бегайым Қырғызбаева («Алатау»), Назерке Шалмұқанбетова, Жанерке Перме (екеуі де — «Оқжетпес»), Аида Гайстенова («Енисей», Ресей);

Шабуылшылар: Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»), Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Анастасия Власова («Алатау»), Батя Рэйзел Багулли («Сан-Диего», АҚШ).

Жаттықтырушылар штабы: Рәзия Нүркенова — бас бапкер, Орынбасар Дәуренбекова — бас бапкердің көмекшісі, Айтбай Жамантаев — бас бапкердің кеңесшісі, Александр Убыкин — қақпашылардың жаттықтырушысы, Арыстанбек Баттаков — дәрігер, Айман Бейсенова — массажист, Талғат Нұрмұхамбетов — администратор, Анастасия Журавлева — менеджер.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы екі ойынын өткізеді. 30 тамыз күні сырт алаңда Ресей құрамасымен кездеседі, ал 4 қыркүйек күні Павлодарда Англияны қабылдайды.

kff.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*