ALADOP.KZ
Премьер-лига Қазақстан Үздіктер

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) ҚПЛ-ғы маусым айының үздіктерін атады

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.

Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
Сауалнама нәтижелері келесідей:
«Ақтөбе» шабуылшысы Маркос Пиззелли 29 ұпай жинап, Премьер-лиганың маусым айының үздік ойыншысы атанды. Өткен айдың үздік бапкері атағын төрт маман бөлісті. Олар үш ұпайдан жинаған Владимир Муханов («Ақтөбе»), Роман Григорчук («Астана»), Дмитрий Огай («Жетісу») және Владимир Никитенко («Тобыл»).
                                                                                                                                                                                                           pflk.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*