ALADOP.KZ
Қазақстан Үздіктер

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Тараздың» бас бапкерін марапаттады

ПФЛК наградила главного тренера «Тараза»

«Тараз» футбол клубының бас бапкері Нұркен Мазбаев Бірінші лиганың 24-турындағы «Байқоңырмен» өтетін ойын алдында «Шілде айының үздік бапкері» марапатын алды.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига клубтарының бас бапкерлері арасында ұйыдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша өткен айдың ең үздік бас бапкері атағын Нүркен Мазбаев иеленген болатын.

Естелік сыйлығын Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының спорт директорының орынбасары Бауыржан Сейсенбеков табыс етті.

Нүркен Мазбаев жетекшілігімен «Тараз» футбол клубы шілде айында төрт ойында жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті. Доп айырмашылығы — 13:2.

 

pflk.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*