ALADOP.KZ
Басты ақпарат УЕФА Ұлттық құрама

Қазақстан U-21 түзде Фарер аралдары құрамасын жеңді

Қазақстан (21) — Фарер (21) 3:1.

Гол авторлары: А. Бахтияров, 2 мин, Д. Бачек, 67 мин, В. Прокопенко 90+3 мин, — С. Радославлович, 85 мин.

Тофтир қаласы. 1 500 жанкүйер.

21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Еуро-2021 іректеуі аясында түзде Фарер аралдарын ірі есеппен жеңді.

Ə дегеннен біздің футболшылар ойын деңгейі жоғары екенін дәлелдеп тастады. Небəрі 2 минутта Еркебұлан Сейдахмет берген пасты Акмаль Бахтияров голға айналдырды. Осыдан соң құрамамыз қорғанысқа көп көңіл бөліп, қарымта шабуылға сенім артты.

Алма кезек шабуылмен өтіп жатқан матчқа тыңнан қосылған Дмитриий Бочек 68 минутта мергендік танытып, есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда, алаң қожайындары 85 минутта есеп қысқартқан. Осыдан соң шабылға лап қоймақ болған Фарер футболшылар сан соғып қалды. Төреші қосқан 4 минутта   «Астана» ойыншысы Владислав  Прокопенко қарсылас қақпашысының қателігін тиімді пайдаланып 3 голды салды.

Енді құрамамыз 10 маусым күні сырт алаңда Черногория құрамасымен кездеседі.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*