ALADOP.KZ
3-тайм

Азайып бара жатыр қариялар

 

«Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» қағидасы аладоп әлемінде де өз құнын жоғалтпайды. Жастардың келуімен үлкендер орынын босата береді. Кеше кеткен Сэр Алекс Фергюсонның соңын ала бапкерлер көшіне тағы бір ардагер қош айтты.

Испаниялық даңықты бапкер Луис Арагонес 5 желтоқсан тілшілерге берген сұхпатында өзінің мансап жолын аяқтайтынын растады.

2009 жылдан бері уақыттық демалыста жүрген 75 жастағы ардагер жаттықтырушы өз қызыметіне ресми түрде қош айтатын уақыт жетті деп шешкен екен.

Ол 2008 жылы Испания құрамасын бастап Еуропа чемпионатын бағындырғаннан кейін, бір жыл Түркияның «Фенербахче» командасын баптаған болатын.

Хосе Луис Арагонес Суарес 1937 туылған. Футболшы ретінде «Хетафе», «Реал бетис», «Атлетико Мадрид» командаларында ойнаған. 1958-60 жылдары «Реал Мадрид» қатарында болғанымен, «королдық команда» үшін бірде-бір рет жасыл алаңға шықпаған. Испания ұлттық құрамасына 11 рет шақырту алып, үш гол соққан.

Жаттықтырушылық жолы:

1974-93 жылдар аралығында «Атлетико Мадрид» командасында ілгерінді-кейінді үш рет бас бапкер болған. Әрі бір мәрте Испания чемпионы атанып, Испан кубгін үш рет олжалаған. Осы командамен бірге Испания супер кубгін де иеленген.

1887-88 жылғы жарыс маусымында «Барселонаны» басқарып, Испан кубгін ұтқан.

2001 жылы «Атлетико Мадритке» қайта оралды. Бұл оның Мадридтік команданы төртінші рет баптауы болатын.

2004 жылы Испания ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Әрі 2008 жылы Еуропа чемпионатында топ жарды.

                                                                                                                                                                                                     Қуанышхан ӨМІРХАН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*