ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ұлттар Лигасы Ұлттық құрама

Азиада, «Көшпенділер ойыны» және «Ұлттар лигасы»

Алғашқы минуттардан бастап Қазақстан құрамасы допты өз қолына алды. Бір күн бұрын баспасөз мәслихатында Андорра құрамасының бас бапкері Альварес «Біздің қорғаныс арқылы ойнайтынымыз ешкімге жасырын емес шығар. Себебі біз – Андоррамыз» деген еді. Расымен де, алаң иелері қорғанысқа бекініп алды да, Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып допқа көп иелік етті. Құрамамыздың ойыны «Астана» командасының бұрнағы Стоиловтың кезіндегі сұлбасына ұқсап кетті.

Андорраның 3 мың адамға арналған стадионында ойнаған жылдам әуенге алаңдағы ойында сәйкес болды. Матчтың алғашқы 20 минуты дәл солай өтті десек артық емес.

Қазақстанның толассыз шабуылы кезінде қатты теперіш көрген алаң иелерінің қақпашысы уақыт соза бастады. Бірінші таймның бел ортасында уақыт созғанды бірінші рет көрген Мейрамбек Беспаев «Болсаңшы» деп айқайлап отырды. Ұлттық құрамамыздың брэнд-амбассадорлары Барселонадан келген қазақстандық жанкүйерлермен бірге трибунада қызу қолдау көрсетіп отырды.

Матчтың 35-минутында Станимир Стоилов орнынан тұрды. Алаң жиегіне келіп бірнеше ақыл-кеңес айтты. Бұл бапкердің матчтағы нәтижеге қобалжи бастағынының алғашқы белгісі еді. Осы кезден бастап орталық қорғаушы Юрий Логвиненко шабуылға шығып, комбинациялық құрылымдарға араласа бастады. Алғашқы таймда жанкүйерлер гол көре алмады.

Екінші таймды да Қазақстан құрамасы белсенді бастады. Қос қапталдан әуелеген пастар көтеріліп, аракідік қақпаға соққылар бағытталды. Бауыржан Исламхан көтерген пастан кейін Юрий Логвиненко кездесудің есебін ашты. Бұл Бауыржанның айып алаңына көтерген 9-бұрыштама добы болатын. Жеңіске бір табан жақындап, 3 ұпайдың исі сезілген, бірақ сол-ақ екен Серікжан Мұжықов екінші сары қағаз үшін алаңнан қуылды. Тегіс жердегі допты түзу тебе алмаған Шомко қарсыласқа доп беріп қойды. Андорра ойыншысы еш ойланбастан Эрич қорғаған қақпадан саңлау тапты. 1:1. Андоррамен тең түсеміз деп кім ойлаған?

Әрине футболда бәрі болады. Бірақ, бұл жерде бір айта кетерлігі соңғы кездері ел спортының жай-күйі көңіл көншітпей тұр. Азиада ойындарының қалай аяқталғанын білесіздер, бокстан да, күрестен де бірде бір алтын алмадық, «Көшпенділер ойынына» қатысқан көкпаршыларымыз да ел шулатты. Масқара, болғанда енді Геннадий Головкин Сауль Альвареске жеңіліп қалмаса болар еді. Әйтпесе, спортымыздағы мына бір кесапатты айлар одан әрі жалғаса берер.

Ермұхамед Мәулен,

Андорра

2 комментария

Максат 11-Қыркүйек, 2018 at 9:25

Қазақстан әлем футболы тарихындағы ең үлкен карлик!

Жауап
Бабур 12-Қыркүйек, 2018 at 12:05

Бұл кесепатты айларды Гена токтатады Ереке Кудай каласа… Токиода кайтарамыз барін.. деп озімді жұбатып коямын… Шынымен кесепатты айлар болды… Ужассссс

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*