ALADOP.KZ
Басты ақпарат Еурокубок Әлем футболы

Бүгін Чемпиондар лигасы басталады

Бүгін Чемпиондар лигасы атты супермарафон басталады. 32 команда 256 күннің ішінде 125 матч өткізеді. 

Чемпиондар лигасының финалы Мадридтегі «Метрополитано» стадионында 1 маусымда өтеді.

Бірінші турдың бірінші күнгі орталық ойыны деп, «Ливерпуль» мен ПСЖ арасындағы кездесуді айтуға болады. Алаң иелері соңғы маусымда финалға дейін жеткен. Екі команданы да неміс бапкерлері жаттықтырады. Сондықтан бұл Юрген Клопп пен Томас Тухельдің де өзара дуэлі.

«Ливерпуль» биылғы маусымда Англия премьер-лигасында бес ойын қатарынан ұтты. Бірақ әзірге ПСЖ-ның деңгейіндегі қарсыласпен кездесіп көрген жоқ. Сондықтан бізді қызықты ойын күтіп тұрғаны анық.

Сейсенбінің түнінде өтетін ойындар:

18.09.

22:55: «Интер» – «Тоттенхэм»

22:55: «Барселона» – ПСВ

19.09.

01:00: «Ливерпуль» – ПСЖ

01:00: «Шальке-04» – «Порту»

01:00: «Монако» – «Атлетико Мадрид»

01:00: «Галатасарай» – «Локомотив» (Мәскеу)

01:00: «Брюгге» – «Боруссия Д»

01:00: «Црвена Звезда» – «Наполи»

«Барселона» мен ПСВ және «Ливерпуль» – ПСЖ арасындағы кездесуді «Qazsport» тікелей эфирден көрсетеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*