ALADOP.KZ
Үздіктер

Бұрын футболшы — қазір елбасы

Кезінде Либерия ұлттық құрамасы мен лондондық «Челси», париждік «ПСЖ», итальяндық «Милан» сынды топ-клубтардың намысын қорғап, жасындай жарқылдап, 1995 жылы «Алтын доптың» иегері атанып, ал қазіргі кезде саясатқа белінен батып кеткен  Джордж Веа, әлемнің ең кедей мемлекеттерінің бірі — Либерияның президенті болып сайланды.

Ел басын сайлау кезінде Веа өзінің басты қарсыласы болып есептелген Либерияның вице-президенті, «Бірлік партиясының» өкілі Джозеф Бокайдан басым түсті. Бұған дейін де ел басқаруда бағын сынап көрмек болған экс-футболшы, 2005 жылы болған сайлауда дауыс берушілердің 40 пайызын жинағанымен, әйел құқығы үшін күрескер, Африка елдерінің ішіндегі тұңғыш әйел-президент атанған Элен Джонсон-Серлифке есе жіберген еді. Қазіргі таңда Либерия әлемдегі ең бай мемлекеттер рейтингісінде астынан санағанда 3-ші орында тұр. Осындай қиын жағдайда өмір сүріп жатқан елін, футболда ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткен Веа дағдарыстан құтқара ала ма?! Бұл сұрақтың жауабы уақыт еншісінде.

Руслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*