ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Барселона» Бускетсті жарты миллиард еуроға бағалады

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс «Барселонамен» жаңа келісім-шарты бойынша 500 миллион еуроға бағаланатын болады.

Mundo Deportivo-ның хабарлауынша ойыншы мен клуб қыркүйекте бекітетін келісімдерін талқылады. Мұнда басымдық келісімшартты ұзартуға емес, бірқатар шарттарды өзгертуге бағытталған.
Жаңа келісім бойынша 30 жастағы ойыншының бағасы 200-ден 500 миллион еуроға өсетін көрінеді. Оған қоса, ойыншының айлығы да көтеріледі-міс.

Серхио Бускетс — «Барселона» академиясының түлегі. Каталониялық клуб сапында 2009 жылдан бері 300 матч өткізген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*