ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Барселона» Погбадан әлі үмітті

Каталондықтар «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны трансферлік кезең аяғына дейін аларынан үміттерін үзбеуде.

Күні кеше ғана Англияда трансферлік кезең жабылған болатын, бірақ испандық клубтар 31 тамызға дейін ойыншыларды ала береді.

Mundo Deportivo-ның хабарлауынша, «Барселона» Еуропада трансферлік кезең жабылғанға дейін Поль Погбаны қатарына қосуды жоспарлап отыр. Ойыншының агенті Мино Райола осы ауысым бойыншы белсенді жұмыс жасап жатқан көрінеді. Погбаның өзі де «Барселона» қатарына ауысуға ниетті екен.

Ауысымның орын алуына Англияда трансферлік кезеңнің жабылуы қиындық тудыруы мүмкін. Осыған байланысты «МЮ» француздық ойыншының орнына орындаушы ала алмайды.

Мұның алдында, Жозе Моуриньо Погбаның «МЮ» сапында өнер көрсетуге дайын екендігін мәлімдеген болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*