ALADOP.KZ
Біздің футболшылар Басты ақпарат Сұхбат УЕФА Қазақстан Ұлттар лигасы

Бауыржан Исламхан: «Бельгиямен болған ойында барынша тырысып бақтық»

Ертеңгі Сан-Мариномен болатын ойын қарсаңында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан баспасөз жиынына қатысып, журналистер сұрағына жауап берді.

-Бауыржан Бельгиямен өткен матчқа қалай баға бересіз? 

Еуропаның ғана емес əлемнің үздік ұжымдарының бірімен ойнау оңайға соқпады. Бірақ біз барынша жинақы қимылдауға тырыстық.  Баға беруден аулақпын. Қазір тек Сан-Мариномен болатын матч туралы ғана ойдамыз.

-Жарақаттан салдарынан бірнеше ай алаңға шықпадыңыз. Ертең 90 минут бойы ойнауға əзірмін деп айта аласыз ба?

Иə, қазір физикалық жағдайым қалыпты. Егер сəті түссе толық ойын өткізуге шамам жетеді.

-Ал ертеңгі матчқа қатысты қалай ойлайсыз? 

Жеңіске жетуге міндеттіміз деп ойлаймын. Қалған ештеңе айта алмаймын. Бұл маған емес бас бапкер жауап беру керек сұрақ.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*