ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ұлттық құрама

Бауыржан Тұрысбек: Андорра осал қарсылас емес

— Бауыржан, Андорра құрамасының ойынын тамашалаған шығарсыздар. Бапкерлер де айтқан болар. Қарсыластың қай тұсынан сескенесіз?

— Қарсыласты зерттедік. Бапкерлер олардың қателерін ашып берді. Бастысы кездесудің нәтижесі біз үшін қатты маңызды. Жеңіске жету үшін өзіміз ойынымызды дұрыстауымыз керек.

— Осыған дейін құрама сапында гол соғып, соңғы ресми матчтардың қаһарманы атандыңыз ғой. Бұл жолы гол соғуға деген ынтаңыз қалай?

— Әрине, шабуылшы болған соң негізгі мақсатым — гол соғу. Бірақ, ең бастысы гол соғу емес, команданың жеңісі. Мен сол үшін көмек жасасам болар еді. Ал гол соқсам тіпті жақсы болар еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*