ALADOP.KZ
Болжам бұрыш

Болжам. АПЛ мен Серия «А»

«Эвертон» — «Вулверхэмптон»

Ағылшын премьер-лигасы бел ортадан асты. Біріншілік қазір қатты қызып тұр. Сөз жоқ, ойындар тартысқа толы. Қазір тіпті әрбір соғылған голдың өзі маңызды. Сондықтан да, «Эвертонға» осы жолы жеңіс ауадай қажет. Себебі, «Вулверхэмптон» олардан жоғары тұр. Егер алаң иелері жеңіске жетсе, онда бәсекелесті басып озып, турнирлік кестеде көтерілері анық. Сондықтан да Сильваның командасы қарсыласқа лап қойяды деп отырмын. Шабуылы мықты «Эвертон» «қасқырларды» қақпанға түсіре алады. Ришарлисон бастаған шабуыл өтіндегі жігіттер қарсыластан қаймығып тұрғаны шамалы. Негізі атақ дәреже жағынан қарасаңыздар да «Эвертонның» мысы басым ғой. Сондықтан да, аса қатты тәуекелге бармаймын десеңіз онда 1х деген бәсті тігіңіз!

«Челси» — «Хаддерсфилд»

Бұл ойын өте қызық болады. Тартысты өтпейтін шығар, дегенмен бір қақпаның скаутамдығы қалмайтындай. «Челси» қазір жаралы арыстан. Өткенде «Борнмутқа» 0:4 ұтылып, абыройын айрандай шашқан. Игуаинның да АПЛге келгелі бері гол соғатын түрі жоқ. Осы матч шамасы Гансалоның сәті секілді. Вилиан мен Азар қостап берсе, аргентиналық сұрмерген бір гол соғатын шығар. Дегенмен, менің ойымша бұл матчта «ақсүйектер» 2-3 гол енгізуі тиіс. Сондықтан да мен таңдаған бәс – «Челси» инд.тотал 1,5 көп.

«Ювентус» — «Парма»

Бұл матчта алаң иелері қарсыластың екі аяғын бір етікке тығады. Оған шүбә жоқ. «Ювентус» Италия кубогында қалай масқара болғанын білетін шығарсыздар. Дуалы ауыз Дуан Сапата екі гол, Кастань бір гол соғып, Щенсныйдың шаруасын шешкен. «Аталанта» осылайша 3:0 қылып «Ювенің» апшысын қуырды. Қуырғанда да, үстіне пияз турап тұрып қуырды-ау. Осы ұятты жағдайдан беті күйген туриндіктер енді мына матчта «Парманы» қинайын деп тұр. «Тазы ашуын тырнадан алады» демекші «Парма» Аллегридің ыстық қолына түскені түскен. Менің ойымша Криштиану бастаған серкелер қарсыласқа кем дегенде 2 гол салады. Демек – «Юве» тоталы 2-ден көп.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*