ALADOP.KZ
Басты ақпарат Болжам бұрыш

Болжам. «Астана» — РЕНН

Бүгін сағат 21-00 де «Астана Аренада» бүкіл қазақ жанкүйері күткен ойын болады. Еуропа лигасының 2-туры аясында елордалық «Астана» францияның «РЕНН» командасын қабылдайды.

«Астана» қазір ішкі чемпионатта жағдайы жақсы. Тіпті ел чемпионы атануға небәрі 2 ойын жеңсе жетеді. Соңғы турда олар өз алаңында «Жетісуды» 3:0 жеңді. Олматчта негізгі құрамда ойнайтын бірнеше футболшы демалыс алды. Одан бері бірнеше күн өтті. Футболшылар Григорий Бабаянның бастауымен жақсы дайындық жүргізді. Бұл матчта елордалықтар қалайда үш ұпайға таласады. Бірақ, ойын алдында Бабаян «Ренн» секілді командамен тең ойнап, 1 ұпай алып жатсақ та ешқандай трагедия болмайды дедді. Демек, «Астана» өщз алаңында ұта алмай жатса, тең нәтижені де қанағат тұтпақ. Себебі, «Ренн» қанша дегенімен Франция чемпионатының командасы. Осы жақында ғана олар Хатем Бен Арфаны сатып алды. Алайда, Ренн соңғы турда Тулузамен тең түсті. Ішкі біріншілігінде 11-сатыда келе жатыр. Соныдақтан да бұл матчта елордалық клуб жеңілмейді. Яғни 1х бәсін алсаңыздар болады.

Сонымен қатар «Астана» ойыншылары өте өрескел ойнайтынын ескеруіміз керек. Бұл матчта қазақстандық команданың кем дегенде 2 ойыншысы сары қағаз алуы мүмкін. Сондықтан да «Сары қағаз 1,5тен көп» деген бәсті таңдадым. Сонымен бірге бұрыштамаларға тоқталсақ. «Астана» соңғы кездері бұрыштаманы көп көтеріп жүр. «Жетісумен» өткен ойында да соны көрсетті. Педро Энрикенің командағы келуімен бұрыштамалар көбейгені рас. Сондықтан осы матчқа «Астана» бұрыштамалар саны 3,5-тен көп деген бәсті алып отырмыз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

2 комментария

Болат 4-Қазан, 2018 at 5:48

Алла бұйырса жігіттер жерге қаратпас. Сәттілік жолдас болсын. ЦСКА Реалды жеңіп кетті. Сондай сенсация болатын шығар.

Жауап
Абырой 5-Қазан, 2018 at 9:52

Ереке жалпы ойын жақсы өтті. Болжамдарыңыз шығып жатты.

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*