ALADOP.KZ
Басты ақпарат Болжам бұрыш

Болжам. Чемпиондар лигасы, 3-тур

«Янг Бойз» — «Валенсия»

Испаниялық команда «жас балалармен» ойнайды. Тәжірибиелі тісққаққан команда швейцариялықтардың алаңында өздерін жақсы сезінуі тиіс. Топтың екі лидері бір бірімен «Олд Траффордта» кездесіп жатқан шақты, «Валенсия» жеңіске жетіп, жағдайын жақсартып алмақшы. Оларға «Ювентустың» «Юнайтедті» жеңіп, 9 ұпаймен көш бастағаны керек. Сосын өздері жеңіске жетсе, «МЮ-мен» теңесіп алмақ. Осы арман-мақсаттардың орындалуы үшін «Валенсия» футболшыларына сырт алаңда кем дегенде 1 гол соғу қажет. Болжам: «Валесния» соғады — 1,23 кэф.

«Шахтер» — «Манчестер Сити»

Қарағандылық «Шахтер…Ой кешіріңіздер Донецкілік «Шахтер» өз алаңында ағылшынның азулысы «МанСитимен» кездеседі. Қарсылас команда фаворит болғанымен украиналық футболшылар гол соғамыз деп жұлқынып отыр. Себебі, «Шахтер» Гуардиола командасына қарағанда көп гол соққан. Демек, «Манчестер Сити» қақпасына гол жіберіп алуы ықтимал. Ал одан кейін олардың да шабуылы мықты екенін ескерсек онда «Екеуі де гол соғады» деген бәсті таңдағанымыз жөн.

«Хоффенхайм» — «Лион»

Бұл ойында да гол көп соғылады. Бірінші орындағы командамен соңғы орындағы клуб кездеседі. Алаң иелері жеңіске жетсе «Лионды» ұпай саны бойынша қуып жетеді. Бұл топта барлығы арифметикалық прогрессия бойынша ұпай жинаған. Немістер гол соққыш екенін білеміз. «Лион» сәл тәжірбиелілеу. Демек, жалпы тотал 2,5 тен көп.

«Рома» — ЦСКА

ЦСКА өткен турда «Реалды» жеңіп, сенсация жасады. Сол ойынның соңғы минутында Игорь Акинфеев алаңнан қуылып кетті. Демек, осы ойында алаңға шықпайды. ЦСКАда одан мықты қақпашы жоқ. Эдин Джеко бастаған шабуылшылар ресейлік команданың қақпасына 2 гол соға алатын қауқарда. Оның үстіне Рим қаласындағы «Романың» жанкүйерлері командаға сәл ашулы. Олар ішкі біріншілікте «СПАЛға» жеңіліп қалды. Демек, осы матчта «қасқырдың сүтін емгендер» орыс ойыншыларын алқымнан алады-ау! «Рома» тотал 1,5 көп.

АЯКС — «Бенфика» 

Португалиялық команда керемет мінез көрсетіп, жеңіске жетті. 2-турда олар сырт алаңда грекиялық АЕКті 10 адаммен жүріп жеңді. Сол матчта португалдар 3 гол соқты. Демек, шабуылы жаман емес. Голландиялық АЯКС грекиялық АЕКтен асып тұрғаны шамалы. Тек қорғанысы сәл мығымдау демесеңіз. Бұл матчта шамасы сары қағаздар саны 4 болып, «Бенфика» жеңілмей кететін секілді. «Бенфика» х2 деген бәсті таңдадық.

«Манчестер Юнайтед» — «Ювентус»

Міне, нағыз матч. Моуриньо мен Аллегри! Погба мен Роналду! Тартыс көп болары анық. Нағыз шеберлердің ойыны. Бұл матч жайлы терең қазып, көл-көсір мәтін жазып отыра аламын. Шын айтам! Бірақ, бұл қысқаша форматтағы болжам. Демек, нақты сөйлейін. Менің ойымша бұл матчта бұрыштамалар саны 10-нан асады. Екеуі де гол соғады. Сары қағаздар саны 3,5 көп. Өздеріңізге ыңғайлысын таңдаңыздар. Бұл ойында бірақ, барлығы көп болып, тек голдар саны аз болып қалуы да ғажап емес. Әдетте мұндай матчтар 0-0 тең аяқталып, әңгімесі ұзаққа созылып жатады.

Ескерту: Болжам айту менің хоббиім, бәс тігетін Сіздер! Қадалып қалмаңыздар)))

Ермұхамед МӘУЛЕН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*