ALADOP.KZ
Болжам бұрыш

Болжам. «Уфа» — «Зенит»

«Болжам бұрыш» айдарының жұмысын жандандыруды қолға алудамыз. Осы жолы Ресей Премьер-Лигасының осы бір кездесуіне болжам жасауды жөн көрдік.

Ресейден Еуропа Лигасының топтық кезеңі үшін Джерардтың «Рейнджерсімен» күресіп жатқан «Уфа» үшін өз алаңындағы ойын қиынға соғады. Өткен турда қонақта мәскеулік «Динамоға» оңбай ұтылғанда, клуб басшысы, команданың екі жақта күрес жүргізуге шамасы келмей жатыр, — деген болатын. Осының өзі біраз нәрсені аңғартып тұр. Ойыншылардың бір ойы «Рейнджерске» қарсы қарымта ойында болуы мүмкін. Өйткені, алғашқы ойында топтық кезеңнен толықтай үміт үзердей нәтиже тіркелген жоқ.

Ал, «Зенит» болса, аптасына екі матч өткізуге машықтанған ресейлік клубтардың бірі, — десем артық емес шығар. Семак бас бапкер болғалы, команда қатарында біраз өзгерістер орын алды. Жаңа маусымда Минскінің «Динамосына» ғана қонақта ұтылғаны болмаса, команда әр ойында мінез көрсетіп, жеңіске жетіп жүр.

Екі команданың ойыншылар деңгейі де әр дәрежеде. «Зениттің» бас бапкеріне команданың қыр-сыры толықтай мәлім жайт. Сондықтан, «Зениттің» жеңісі бұл жерде еш күмән тудырмауы тиіс. Санкт-Петербург командасының жеңісіне букмекерлік кеңселер 1,65 коэфициентін ұсынып тұр. Командалардың дәл қазіргі жағдайында бұл үлкен мүмкіндік деп есептеймін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*