ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Боруссия» Германиядағы ең сүйікті, «Бавария» ең жеккөрінішті клуб екен

Дортмундтың «Боруссиясы» Германия клубтары ішіндегі жанкүйерлер арасындағы ең сүйікті команда екен.

Statista статистикалық компаниясының зерттеулері осындай нәтижелер тіркеген екен. Сұрау алынғандардың 52 пайызы «Боруссияның» жанкүйеріміз деген немесе осы клубты ұнататындарын айтқан. 17 пайызы дортмундық клубты жек көреміз десе, 31 пайызы бейтараптық танытқан.

Германияның сүйкімділігі жағынан екінші клубы болып «Бавария» тіркелген екен (сұралғандардың 41 пайызы осылай деген). Алайда, мюнхендік клубты жек көрушілер 41 пайызды көрсетіп, «Баварияны» ең жеккөрінішті клуб ретінде тіркеген. Сұрау алынғандардың 18 пайызы ғана бейтараптық танытқан.

Германияның ең жеккөрінішті клубтары: «Лейпциг» (28 пайыз), «Гамбург» (27), «Шальке» (25), Вольфсбург (25).

 

Ақпарат «Спорт-Экспресс» басылымынан алынды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*