ALADOP.KZ
Чемпиондар лигасы Шолу Әлем футболы

Чемпиондар лигасы: «Барселона» араға 3 жыл салып жартылай финалға шықты

 Сулшер жігіттері тіпті жауап голын да соға алмай кетті. 

«Барселона» — «Манчестер Юнайтед» 3:0

Гол авторлары: Л. Месси, 16 және 20 мин, Коутиньо, 61  мин.

Камп Ноу стадионы.

Бас төреші Фелик Брых ысқырығы безілдегеннен бастап «МЮ» шабуылға лап қойды. Әрине, өз алаңындағы жеңілістен кейін жылдам соғылған гол жағдайды жақсартар еді. Ал ойынның 2 минутына  дейін Тер Штеген қақпасын дәл көздейтін 2 бірдей мүмкіндікті жіберіп алмағанда, бәрі керісінше болуы ықтимал-тын. Дегенмен, бірінші минутта неміс қақпашысымен бетпе-бет шыққан Маркус Решфорд қақпа маңдайшасын көздесе, араға сәт салып әріптесінен жақсы пас алған Мактоминей «Барселона» қақпасының алдында допты ырқына көндіріп, соққы жасай алмады.

Осыдан соң алаң иелері ойынды өз қолдарына ала бастады. Ал Сулшер шәкірттері өз қақпаларына өздері  гол әкелді. Бірінші болып команда капитаны Эшли Янгтың пас берудегі қателігінен кейін Лионель Месси 16 минутта ойынның есебін ашса, сосын араға 4 минут салып, Давид Де Хеаның көмегімен Месси дубль авторы атанды. «Барселонаның» толық бақылауымен өткен 2 таймның 61 минутында Фелиппе Каутиньо алыстан бағыттаған соққымен есепті 3-0-ге жеткізді.

   Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*