ALADOP.KZ
Басты ақпарат Болжам бұрыш

Чемпиондар лигасы. Болжам (1-тур, 2-күн)

«Валенсия» — «Ювентус»

«Ювентус» соңғы 5 ойынның 4-еуінде гол жіберген. Тіпті ортаңқол емес, аутсайдерлердің өзі бұл командаға гол соқты. Буффон кеткелі бері қақпа кілті жоғалғандай. Бірақ, Роналду бастаған шабуылшылар голды соғуын соғып жатыр. Өткен турда Криштиану дубль жасап, беташар өткізді. Енді одан ары қарай голдарды қарша борататын шығар. Әсіресе, бүгін. Испанияда гол соғуды білетін адам.

«Валенсия» соңғы 5 ойынның 4-еуінде гол соққан. Тек осы 15-қыркүйек күні «Бетис» қақпасынан саңлау таба алмады. Бірақ, «жарқанаттар» шабуылда жаман емес. Әңгіменің ауанынан түсініп отырған шығарсыздар. «Екеуі де гол соғады» деген бәсті алғым келіп отыр. 1,9-кэф.

Айтпақшсы осы ойынды тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсеңіздер болады. Ойынды Ермек Төрениязов екеуміз жүргіземіз.

«Янг Бойз» — «Манчестер Юнайтед»

«Жас балалар» «қызыл сойқандарға» қарсы. Өз алаңында демесеңіз әйтпесе, швейцариялықтардың бұл командаға қарсы ойында еш мүмкіндігі жоқ. Басты мақсат тең ойнап беру. Бірақ, «Юнайтед» сыздықтатып жүріп, бір гол соғып алса бітті дей беріңіз. Моуриньо ойын «өлтірудің» хас шебері. Бірақ, енді бұл жолы өл-тіріл британиялықтар жеңіске жетуі тиіс. Ж2 1,7 кэф.

«Бенфика» — «Бавария» 

«Бенфиканың» ПАОКпен өткізген ойынын жүргізген едім. Португалиялық клуб бұрынғы қалпынан тайып бара жатқандай. Алайда, өз алаңында неміс мәшинесіне қарсы бар күшін сарп етері анық. Алайда, бар күшінің өзі 1 гол соғуға жетсе жақсы. Әйтпесе, «Бавария» жүріп өте шығар. Жалпы қақпаға Нойер оралғалы бері қорғаныста жақсы ойнап жүр. Енді шабуылдағы жігіттер 2 гол соқса бұл матчтан 3 ұпай алғалы тұр. Ж2 1,5 кэф.

Ал «Викторя» — ЦСКА ойынында тотал 2,5 тен кем болып, «Лион» «Сити» қақпасына гол соғып кететіндей болып көрінеді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

 

2 комментария

Гани 19-Қыркүйек, 2018 at 7:57

3-1 реал женеди

Жауап
Алғыс 19-Қыркүйек, 2018 at 8:50

Менің ойымша Янг Бойз МЮ қақпасына гол соға алады тым болмағанда 1 гол бірнешеуін емес әрине йә Юве мен Валенсия ойындарына айтқан болжамыңызға менде қосылам
Сұрақ Шахтер Донецк өз алаңында жеңіске жете ме және Аякс тот 2 бол болады ма жауап берсеңіз

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*