ALADOP.KZ
Басты ақпарат Әлем футболы

Чемпиондар лигасы. Екінші тур өз мәресіне жетті

Чемпиондар лигасының екінші тур аясындағы барлық ойындар өз мәресіне жетті. Кейбірі үлкен жетістікке жетсе, басқа біреуі сенсацияға жол берді. Екінші тур ойындарына шағын қорытынды жасап өтсек.

Ең бір елді елең еткізген ойын Ресейде өтті. Сенсация десек те артық айтқанымыз емес. Өз алаңында «Реал Мадридті» қабылдаған мәскеулік «ЦСКА» корольдік клубты Мадридке ұпайсыз қайтарды. Екінші тур ойынының екінші минутында соққан Влашичтің жалғыз голы мәскеуліктерге сенсациялық жеңіс сыйлады. Топтағы жағдай да сенсациялық десек те болады. Топтың фоваридтері саналған «Рома» мен «Реал Мадридті» артқа тастап, «ЦСКА» көш бастап келеді. Бірақ бұл екінші тур ғана.

«Неміс мәшинесі» өз алаңында ұпай жоғалтып алды. Голландиялық «Аякспен» өткен ойында алғашқы төртінші минутта-ақ Хуммельс есеп ашып, «Баварияны» алға шығарған болатын, бірақ ойынның 22 минутында Мазрауи есепті теңестіріп кетті. Осы есеп ойынның соңына дейін сақталып, «Аякс» Мюнхеннен бір ұпай еншілеп қайтты.

«Қызыл сойқандар» ойында бар басымдылықты өз қолында ұстаса да, «Валенсия» қақпасынан саңылау таба алмады. Есеп 0-0. «Манчестер Юнайтед» әлі де сүреңсіз ойнауда.

Соңғы ойындарда жеңіске жете алмай ұпай жоғалтып жүрген каталондықтар «Тоттенхэмді» «тізе бүктірді». Өзінің бірқатар негізгі ойыншыларынсыз шыққан «Тоттенхэм» азуынды «Барселонаға» төтеп бере алмады. Екінші минутта Коутиньо есеп ашса, 28 минутта Ракитич жойқын соққысымен есепті еселеді. 52 минутта Кейн қақпаны дәл көздеп, алаң иелеріне сенімділік әкелгендей болатын, бірақ көп ұзамай 56 минутта Месси есепті еселей түсті. 66 минутта Ламела есеп айырмасын қысқартып, «Барселонаға» қиындық туғызғандай болған. Әйткенмен  90 минутта Месси дубль жасап, ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп 2-4.

«Клоптың бандасы» «Наполиге» еш қауқар көрсете алмады. 90 минутқа дейін «Ливерпульді» тықсырып келген Анчелотти шәкірттері түбінде өз мақсаттарына жетіп, соңғы минуттарда соққан Инсиньеның голының арқасында жеңісті жұлып әкетті.

Екінші тур ойындарының нәтижелері:

А тобы

«Боруссия Д» (Германия) — 3:0 — «Монако» (Франция)
«Атлетико» (Испания) — 3:1 — «Брюгге» (Бельгия)

В тобы

«ПСВ» (Голландия) — 1:2 — «Интер» (Италия)
«Тоттенхэм» (Англия) — 2:4 — «Барселона» (Испания)

С тобы

«Пари Сен-Жермен» (Франция) — 6:1 — «Црвена Звезда» (Сербия)
«Наполи» (Италия) — 1:0 — «Ливерпуль» (Англия)

D тобы

«Локомотив» (Ресей) — 0:1 — «Шальке-04» (Германия)
«Порту» (Португалия) — 1:0 — «Галатасарай» (Түркия)

E тобы

«Бавария» (Германия) — 1:1 — «Аякс» (Голландия)
АЕК (Греция) — 2:3 — «Бенфика» (Португалия)

F тобы

«Лион» (Франция) — 2:2 — «Шахтер» (Украина)
«Хоффенхайм» (Германия) — 1:2 — «Манчестер Сити» (Англия)

G тобы

«ЦСКА» (Ресей) — 1:0 — «Реал» (Испания)
«Рома» (Италия) — 5:0 — «Виктория» (Чехия)

H тобы

«Манчестер Юнайтед» (Англия) — 0:0 — «Валенсия» (Испания)
«Ювентус» (Италия) — 3:0 — «Янг Бойз» (Швецария)

Марғұлан ЖАҚЫП

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*