ALADOP.KZ
Басты ақпарат Чемпиондар лигасы Үздіктер Әлем футболы

ЧЛ: Лионель Месси 6 жыл күткен гол

  Есеп 2:0. «Барселона» бірінші тайм қорытындысы бойынша «Қызыл сойқандарды» аяр емес. 

Чемпиондар лигасының ширек финалдық кезеңіндегі «Барселона» — «МЮ» арасындағы жауапты матчтың бірінші таймы аяқталды. «Барселона» Лионель Мессидің 16 және 20 минуттардағы нәтижелі соққысынан кейін есепте алда келеді. Осылайша, аргентиналық шабуылшы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде араға 6 жыл салып, енді гол салды.

Естеріңізге сала кетейік, Месси бүгінге дейін соңғы рет плей-офф сатысының 2012-2013 жылғы маусымда «ПСЖ» қақпасын дәл көздеген-ді.

 Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*