ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары

“Құдайдың қолы” арқылы соғылған гол

Жасыл алаңда түрлі жағдайлар орын алып жататынын жанкүйер қауым жақсы біледі. Тіпті тосын оқиғалар да, ғажайып голдар да, ауыр жарақатттар да, қақтығыстар да осы теңбіл доптың алаңында болып тұратыны бүгінде қалыпты құбылысқа айналды. Сол оқиғалардың бірін назарларыңызға ұсынамыз…

Аладоптың хас шеберіне айналған “аргентиналық” Диего Марадонаны білмейтін жан жоқ шығар деп есептеймін. Аргентинаны 1986 жылы Әлем Чемпионатына топ жаруға бірден-бір септігін тигезген дәл осы — Диего Армандо Марадона.

Оның мансабындағы ең жарқын сәттер де, ең үздік голдар да — Әлем Чемпионатымен тұспа-тұс келді.

1986 жыл. Мексикада өткен дүбірлі доданың ширек финалы. Диего Марадона бастаған Аргентина мен азуын айға білеген Англия арасындағы тартысты кездесу. Матчтың қызған шағы. Дәлірек айтқанда 51-минутта бойы аласалылығының кесірінен әуедегі допты Диего жай ғана қолымен бағыттап жіберген болатын. Сәйкесінше таблодағы есеп 1-0 болып өзгерді. Кездесу аяқталғанда Марадона өз сұхбатында: “Егер қол болса да, бұл Құдайдың голы” – деп жауап қатты.

Осыдан кейін бұл гол әлемдегі үздік голдардың бірі болып саналды. Ал ағылшындық БАҚ бұл голды “сайтанның қолы” деп атап кеткен.

22 жылдан кейін аргентиналық бұл ісі үшін кешірім сұраумен шектелмей “егерде өткен уақытқа оралар болсам, тарихты өзгертер едім” деп мәлімдеме жасаған болатын.

Қалай десекте, Аргентинаны “Әлем Чемпионы” деген атағын алып берген Марадона — футбол тарихындағы үздік ойыншылардың бірі екені сөзсіз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*