ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига

Диего Коста «Атлетикодан» кетуі мүмкін. Бұл соңғы оқиғаның зардабы ма?

«Барселонаға» қарсы ойын кезіндегі қылығы отқа май құйғанмен пара-пар болды-ау. 

Испандық «AS» спорттық порталының хабарлауынша клуб басшылығы Диего Костаның соңғы ойындардағы нашар тәртібімен қоса нәтижелілігіне риза емес. Негізінде, Коста Симеоне қол астында бұрында ойнағанын ескерсек, бұл жерде мәселе оның тәртібінен гөрі ойын сайын түзелмей келе жатқан гол соғудағы статистикасында. Себебі, 2019 жылы Коста «Атлетико» үшін небәрі 1 ғана гол соққан. Ал «Камп Ноудағы» бас төрешімен болған оқиға клуб басшыларының бұл ойына нығыздай түскенге ұқсайды. Естеріңізде болса, 30 жастағы шабуылшы Чемпиондар лигасының аясындағы «Ювентусқа» қарсы алғашқы ойында сары қағаз алып, қарымда матчтан шеттетілген еді. Сондықтан жазғы трансферлік кезеңде Диего Коста қаламасада Мадридтен басқа қалаға қоныс аударуы әбден мүмкін.

Оның үстіне қазір «матрасшылар» сапында Альваро Мората мен Антуан Гризманн жұбы шабуылда өзара үйлесімді, әрі жақсы ойнап-ақ жүр.

  Шамкен БАЙЫРБЕК. 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*