ALADOP.KZ
Әлем футболы

Дэвид Бекхем ағылшындық клубтың 10 пайызын сатып алды

Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм «Сэлфорд» футбол клубының 10 пайыз акциясын сатып алды. Ол кезінде «Манчестер Юнайтед» сапында бірге доп тепкен командаластарының қатарына қосылды. «Сэлфордта»  Бекхэмнен бөлек, Гарри мен Фил Невилл және Ники Батт, Пол Скоулз, Райан Гиггздің еншісі барды. Ал, клубтың 40 пайыз акциясы кәсіпкер Питер Лимге тиесілі.

Қазір «Сэлфорд» англияның бесінші дивизионындағы ұлттық лигада үшінші орында келеді. Гарри Невиллдің айтуынша команда «Борнмут» секілді төртінші лигадан премьер-лигаға шығуда көздейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*