ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ұлттық құрама

Дмитрий Шомко: Андорраны қалайда ұтамыз

Қазақстан құрамасының лидері Дмитрий Шомко сауалымызға жауап берді.

— Дмитрий, өткен ойыннан кейінгі жағдайларыңыз қалай? Грузиямен болған ойыннан кейін бапкер не деді?

— Иә, Грузиямен болған ойын көңілімізді түсірді. Біз мұндай нәтиже күтпеген едік. Қалай болғанын өзімізде ұғына алмадық. Матч біткен соң Станимир Стоилов аса қатты көп сөйлеген де жоқ. Барлығымыздың жайымыз түсінікті еді ғой. Ертесіне қателіктерді шығарып, келесі қарсыласқа дайындықты бастадық. Андорраның ойынын зерттедік.

— Зерттедік болғанда, соңғы Латвиямен өткен ойын шығар. Олар қазір тең түсіп, күшіне мініп тұр ғой. Оны қалай басуға болады?

— Иә, Латвиямен болған матчын қарап шықтық. Зерттедік. Олардың қателіктерін көріп шықтық. Енді Андорраны жеңуіміз керек. Әйтпесе турнирдегі мақсатымыз 50 пайызға орындалмады деп есептейміз. Келесі кезеңге шығуға мүмкіндігімз де соншама болып қалады. Қалайда Андорраны ұтуымыз керек.

— Қазақстан құрамасы Польша, Нидерланды, Черногория, Румыния секілді құрамалармен терезесі тең ойнайды да, Грузия, Армения, Андорра секілді осалдармен ойында ұпай жоғалтады. Бұл ненің белгісі деп ойлайсыз?

— Ондай қарсыластарға қарсы матчтар оңай өтеді ғой. Жеңілсек ештеңеміз кетпес деп сенімді шығамыз. Ал мұндай қарсыластарға қарсы ойын психологиялық жүк. Дегенмен, ойынымызда ақаулы жерлер баршылық. Қарсылас таңдамай өз ойынымызды ретке келтіруіміз керек.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Андорра

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*