ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Лига 1 Трансфер Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

Джанлука Ди Марцио: «Маттейс де Лигт жуырда «ПСЖ» ойыншысы атанады»

Итальяндық журналист Джанлука Ди Марцио өзінің сайтында «Аякс» капитаны Маттейс де Лигтің Парижге қоныс аударатынын мәлңмдеп отыр. Оның сөзіне сенсек, қазір екі клуб арасындағы келісім сәтті өтіп жатыр, әрі жақын күндері аяқталмақ. Бір жағынан Маттейстің агенті Мино Райола Парижде қазір осы шаруамен жүргенін де тілге тиек ете кетіпті.

Париж клубынан бөлек, 19 жастағы қорғаушымен «Барселона» да қызу келісім жүргізіп жатыр. Алайда, «ПСЖ» қаржылық жағынан да  өзге тұстардан да тиімді жағдай ұсынып отыр. Оған қоса, Мино Райола мен «Барселона» басшылары арасындағы суық қарым қатынастың әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*