ALADOP.KZ
Қазақстан

Елорданың мерейтойына арналған жолдастық кездесу өтті

Қазақстан футбол федерациясы елорданың 20 жылдығына орай ардагерлер арасында жолдастық матч ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚФФ-ның ресми сайты.
Елорданың мерейтойына арналған жолдастық кездесу Қазақстан футбол федерациясы Ардагерлер комитетінің бастамасымен ұйымдастырылды. Ойын алдында Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин қатысушыларды Астана күнімен құттықтады.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесуде Қазақстан футбол федерациясының сапында Сейілда Байшақов, Талғат Байсуфинов, Ғани Қайназаров, Сергей Кенетаев, Эдыген Юмашев, Қайрат Нұрдәулетов және т.б. ойнады. Ал, Астана ардагерлері құрамасының намысын Владимир Павлюк, Роман Хамитов, Александр Лисин, Владимир Коновалов, Александр Гроза, Ербол Қашанов, Қайрат Тоқсанбаев, Виталий Торгашев, Андрей Линевич, Константин Котов, Илья Меланич және т.б қорғады.

Жолдастық матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Ойыннан кейін Қазақстан футбол федерациясы Астана құрамасының ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етті.

Prosports.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*