ALADOP.KZ
Басты ақпарат Қазақстан

Еркебұлан Сейдахмет Ресей чемпионатында осы маусымдағы алғашқы ойынын өткізді

Ресей премьер-лигасының кезекті турында «Уфа» өз алаңында Мәскеудің ЦСКА клубынан ірі есеппен ұтылды.

Бұл ойында ЦСКА жас футболшылары көзге түсті. Тимур Жамалетдинов дубль жасаса, бір голды Федор Чалов соқты. Осы матчта Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметте алаңға шықты.

«Уфа» үш гол жібергеннен кейін 68-минутта Павел Аликиннің орнына Еркебұлан Сейдахметті ойнатты. 18 жастағы футболшы 85-минутта бір сары қағаз алды.

Бұл отандасымыздың Ресей чемпионатындағы осы маусымдағы алғашқы ойыны. Бұған дейін «Уфаның» жастар құрамасы сапында «Зениттегі» құрдастарымен бір матч өткізген.

«Уфа» жеті турдан кейін 4 ұпаймен 14-орында келеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*